18 желтоқсан 2014 14:52

Ресейдегі дағдарысқа байланысты ЕАЭО нормаларын енгізуді кейінге қалдыру керек - Ғани Қасымов

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Ресейдегі дағдарысқа байланысты Еуразиялық экономикалық одақ нормаларын енгізуді бір жылға кейінге қалдыру керек. Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов осындай ұсыныс айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейдегі дағдарысқа байланысты Еуразиялық экономикалық одақ нормаларын енгізуді бір жылға кейінге қалдыру керек. Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов осындай ұсыныс айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресейдегі экономикалық ахуал қалпына келгенше ЕАЭО нормаларын енгізуді бір жылға кейінге қалдыруды ұсынамын. Мұндай есеңгіретерлік құлдыраудан кейін, экономикалық төмендеуден кейін біз экономикалық тұрғыдан бауырласа алмаймыз. Олардың дағдарысы біздің және Беларусьтің жағдайын ушықтырады", - деді Қасымов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында. 

Ол Ресейдегі қазіргі экономикалық ахуал қауіп туғызып отырғанын айтты. "Біріншіден, ұлттық валютаның девальвациясы болып жатыр. Мұның бәрі жалпы экономикалық ахуалға әсер етеді. Бірақ бұл Ресейдің ғана ішкі мәселесі емес. Біз 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ механизмдерін іске қосуымыз керек. 23 желтоқсан күні ЕАЭО Кеңесінің отырысы өтеді. Біз оған ұлттық экономикалық мүдделерді түсіну тұрғысынан қараймын. Ұзаққа созылған дағдарыс кезінде, экономикалардың бірінің құлдырауы кезінде жаңа экономикалық одақтар іске қосылмайды. Одақтар оң экономикалық іргетас барда, елдер мен олардың экономикалық процестері өзара үйлескен жағдайда ғана құрылады. Ал елдердің бірінде экономикалық құлдырау болса, ол бізге де, белорус тарапына да әсер етуі мүмкін", - деді Қасымов.

Бұған қоса, Қасымовтың айтуынша, Қазақстанға келер жылдан бастап ЕАЭО нормаларын енгізу тиімді бола ма, соны анықтау үшін нақты экономикалық талдау жүргізу қажет. "Біздің экономистер баға беруі керек: Қазақстан ЕАЭО нормаларын енгізген жағдайда қандай қауіптерге ұшырауы мүмкін? Бұл Қазақстанға тиімді ме, жоқ па? Ол біздің экономикамызға өте ауыр тиеді", - деді ол. 

Саясаткер ұлттық экономиканы қолдап, Мемлекет басшысының "Нұрлы жол" саясатын орындау керектігін айтты. Сонымен бірге, ол тағы бір ұсыныс айтты: "Бірнеше жыл бұрын біз Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі кеден тұрақтарын тараттық. Біздің әртүрлі экономикалық жылдамдықпен дамып жатқанымызды ескерсек, өмір мұның ерте қолға алынған іс екенін көрсетті. Менің ұсынысым - Ресеймен арадағы 67 кеден бекетін қалпына келтіру. Оның үстіне, Ресей тарапынан бақылаушы органдар біздің барлық тауарымызды, оның ішінде, транзит жүктерін де тексеріп отыр. Бұл бір. Екіншіден, ДСҰ нормалары мен Еуразиялық одақ нормалары бойынша бүкіл әлемде кеден органдары сақталған. Біздің одағымыздың ішінде, оларды қысқарту міндетті емес еді", - деді Қасымов. 

"Біз сенеміз, ал олар бізге сенбейді, бәрін тексереді. Екіжақты мәнге ие тауарларды өз шекарамыз арқылы тексеру үшін кеден органдарын қалпына келтіру қажет. Бұл - кеден органдарының функциясы, ал егер олар болмаса, тауарлардың бұл тобы біздің аумағымызға бақылаусыз келетін болады, бұған жол беруге болмайды. Мен мұны бұрынғы кеденші ретінде айтып тұрмын", - деді ол. 

Еске сала кетейік, осы жылдың 29 мамырында Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері ЕАЭО туралы шартқа қол қойған болатын. 

16 желтоқсан күні рубльдің долларға шаққандағы бағамы тарихта тұңғыш рет 80 деген межеден, ал евро бағамы 100 рубльден асып кетті. Рубль бағамы Центробанктің шешуші ставкаларды 17 пайызға арттырғанынан кейін, яғни Ресейде дағдарыс басталғанын іс жүзінде мойындаудан кейін құлдырады. Бұдан кейін батыстың ақпарат құралдары Ресей экономикасының құлдырағанын жарыса жазды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети