13 шілде 2016 09:10

Ресейдің "Байқоңыр" айлағынан кететін жоспары жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ресей екінші кезектегі Восточный ғарыш айлағы ашылса да, Қазақстандағы "Байқоңыр" айлағын пайдаланудан бас тартпайтын болды. Бұл туралы "Интерфакс" басылымына берген сұхбатында Роскосмос басшысы Игорь Комаров мәлімдеді. 

"Сенімді түрде айта аламын, "Байқоңырдан" кетуге және барлық ұшырылымдарды "Восточный" айлағына ауыстыруға жоспарымыз жоқ. "Байқоңырда" ұшыруға арналған барлық инфрақұрылым жасалған, алдын ала ұшуға дайындық орталығы" да бар. Жақсы нәтиже көрсетіп отыр, ресурсы әлі таусылған жоқ, сондықтан бұл ұшу қондырғыларын Байқоңырдан ауыстыру қате", - деді мемкорпорацияның басшысы.

Оның айтуынша, "Байқоңырмен" әріптестік жалғасын табады. "Біз ғарыш саласында Қазақстандағы әріптестерімізбен кооперацияны кеңейтіп, ғарыш айлағының техникалық мүмкіндігін жоғарылатқымыз келеді", - деді ол.

Ал Роскосмос осыған қарамастан, жаңа перспективалық жобаларды "Восточный" айлағында жүзеге асыруды ойлап отыр екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети