Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ресейдің Шығыс Қазақстанға таласы жайлы пікір жалған

10 Сәуір 2014, 14:25
2
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Хакасия Республикасының Жоғарғы кеңесінің өкілдері кеңес төрағасы Владимир Штыгашевтің Қазақстанның шығыс өңірлеріне қатысты пікірі жөнінде түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бірқатар ақпарат құралдары Штыгашевтің пікірін жария еткен болатын, онда Хакасия Жоғарғы кеңесінің төрағасы Ресейдің бұрынғы КСРО-ның кейбір аумақтарына, соның ішінде, Қазақстанның шығыс облыстарына тарихи құқы бар екені айтылған. "Қазақстанның аумағы кішкентай болатын, Есіл облысының (Омбы облысы) бір бөлігін беру туралы шешім қабылданды. Берілді де, Қарағанды құрылды. Бұл - 1936 жыл, жуырда ғана. Біз Қазақстанға барлығы бес облысты бердік, содан кейін Қазақ АКСР-і КСР деп қайта аталды. Бұл аумақтар айырбас бақыры сияқты берілді. (...) ТМД шеңберінде шекараны демаркациялау жылдам жүргізілмеді, неге? Өйткені халықтардың елді қалпына келтіру ниеті туындауы мүмкін еді", - делінген пікірде.

Жоғарғы кеңес өкілдері Tengrinews.kz-тің сауалына қайтарған жауабында журналистердің Штыгашевтің сөзін дұрыс жеткізбегенін айтты. "Шанс" тәуелсіз интернет-ресурсында жарияланған материалда басылымның тілшісі Хакасия Республикасы Жоғарғы кеңесі төрағасының бұрынғы КСРО туралы ойын дұрыс жеткізбеген. Владимир Штыгашев КСРО шеңберінде одақтас республикалардың шекарасы қандай болғанын және қалай өзгергенін айтты. Жоғарғы кеңес төрағасының сөзінде біреудің аумағына, атап айтқанда, Қазақстанның аумағына қатысты қандай да бір тарихи немесе басқа да құқық туралы айтылмағанын атап өткім келеді", - дейді Хакасия Республикасы Жоғарғы кеңесі аппарат жетекшісінің орынбасары, кеңестің Ақпараттық саясат және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің бастығы Олег Николаев.

Ол редакцияның оқырмандарды көбірек тарту үшін материалға даулы тақырып қойғанын айтты. "Шанс" интернет-ресурсының редакциясы біздің пайымдауымызбен келісіп, тақырыпты өзгертті, материалдың мәтінін түзетті. Қазіргі уақытта бұл материал "Владимир Штыгашев КСРО-ны еске алды" деп аталады. Интернет-ресурстың редакциясы материалдың алғашқы абзацын да өзгертті", - деп түсіндірді Николаев. Айта кетейік, атышулы мақала о баста "Ресейде Шығыс Қазақстанға таласу туралы айтылып жатыр" деген тақырыппен жарияланған болатын.

Қазақстанда сепаратизм үшін жаза күшейтілгелі отырғанын еске сала кетейік. Қылмыстық кодекстің жаңа жобасы бойынша Қазақстанның аумақтық тұтастығын заңсыз өзгертуге үндеу үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай