18 желтоқсан 2020 13:18

Ресейлік газет мұқабасын Қазақстан жері туралы айтылған даулы мәлімдемеге арнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ресейлік "Новая газета" басылымы 2020 жылдың 18 желтоқсанындағы шығарылымының мұқабасын Ресей депутаттарының Қазақстан жері туралы айтқан даулы мәлімдемелеріне арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейлік "Новая газета" басылымы 2020 жылдың 18 желтоқсанындағы шығарылымының мұқабасын Ресей депутаттарының Қазақстан жері туралы айтқан даулы мәлімдемелеріне арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Газеттің №140 шығарылымының мұқаба "үш қабатты дипломаттар" деп аталды. Онда басылым "СІМ балқандармен, ал "Единая Россия" Қазақстанмен қарым-қатынасты бұзды" деп жазған.

Мақалада Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың "Қазақстан аумағы - Ресейдің үлкен сыйлығы" деген сөзіне қатысты жағдай сипатталған. Мемлекеттік Думаның басқа бір депутаты Евгений Федоровтың да мәлімдемесі жазылған.

"Никоновтың, Федоровтың және басқа да олардың "жақсатсарының" тұжырымдары бірнеше дәлелдерге негізделген. Солтүстік Қазақстанда, олардың көзқарасы бойынша, негізінен орыстар тұрады, бұл тың игерушілердің ұрпағы, ал бұл жерлер - Оңтүстік Сібірдің бөлігі, жанында - Оңтүстік Орал тұр. Ал қазақстандық мамандар бұлған мүлде келіспейді: республикада орта ғасырларда Солтүстік Қазақстан аумағында қазақ тайпалары өмір сүрген деп мәлімдеген атақты археолог Әлкей Марғұланның зерттеулері үлкен беделге ие", - деп жазылған Ресей газетінде.

Басылым басқа дәлелдерді де келтірген. Алайда шекарада қандай да бір мәселелер болса, олар 15 жыл бұрын толығымен шешімін тауып қойғаны атап өтілген.

"2005 жылы екі ел мәселелерді шекара туралы шарт негізінде ратификациялаған. Елдердің бір-біріне ешқандай шағымы жоқ: Ресейдің Қазақстанның солтүстік бөліктеріне, Қазақстанның Орынборға", - деп жазылған басылымда.

Мақалада "Кремльдің Қазақстанның қандай да бір бөлігін аннексиялау жоспары жоқ" екені де жазылған.

"Кремльдің шын мәнінде Қазақстанның қандай да бір бөлігін аннексиялау жоспары жоқ: ортақ шекарасы 7,5 мың шақырым елмен қарулы қақтығыс бастау үшін абсолют өзін-өзі өлтіруші болу керек шығар. Бірақ ресми Мәскеудің үнсіздігі - Думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Виктор Водолацкийдің түсіндірмесі негізсіз болып көрінеді", - делінген мақалада.

Айта кетейік, "Новая газета" - Ресейдің қоғамдық-саяси газеті. Ол өзінің оппозициялық либералды-демократиялық және адам құқықтары бағытымен, сондай-ақ журналистік тергеулерімен танымал.

Еске салайық, бұған дейін ресейлік "Первый канал" эфирінде Мемлекеттік Дума депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан туралы айтқан сөзі желіде тараған еді. Депутат эфир барысында Қазақстан деген ел болмады деген еді. 

"Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстанда бұрын мүлде қоныстанбаған. Олар болған, бірақ оңтүстікке жақын. Шын мәнінде, Қазақстан территориясы - Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйлығы", - деген еді Никонов "Большая игра" бағдарламасында.

Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылып, оған ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети