30 қараша 2022 09:41

Ресейлік хирург неге Қазақстанға көшуді ұйғарғанын айтып берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanatv.kz © astanatv.kz

Ресейлік дәрігер Алексей Никитин неге Омбыдан Астанаға көшуді жөн көргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Ресейлік дәрігер Алексей Никитин неге Омбыдан Астанаға көшуді жөн көргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Алексей негізі Көкшетаудан, мектептен кейін бірден мамандық алуға Ресейге кеткен. Сол жерде қалып, отбасын құрған. Дегенмен, кейінгі оқиғалар 15 жылдық тәжірибесі бар табысты хирургты қиын шешім қабылдауға мәжбүр етті.

"Бұл, шынында да, оңай емес. Омбыда көп нәрсеге қолжеткіздім. Қазір болып жатқан жағдайға байланысты және сол саясатқа байланысты... Мен болашақ өмірім мен балаларымның өмірін Ресейде қарастыра алмадым", - деді ол.

Қазақстанда Алексей қазақ тілін үйренуді мақсат еткен. Үш айда жаңалықтарды қазақша оқи бастаған. Шетелдіктерге Қазақстанның мемлекеттік Әнұранын білуге ​​кеңес береді. Қонақжайлылыққа құрмет ретінде.

"Ресейліктер арасында қазақ тілін үйренуге деген құлшыныс күннен-күнге артып келеді. Өйткені қоғамға ассимиляция толық ену нәтижесінде ғана мүмкін. Ал қазақ тілін білмейінше, бұл мүмкін емес", - дейді ресейлік.

Алексей ресейліктердің Қазақстанға деген зор қызығушылығын осында дамуға болатындығымен байланыстырады.

"Қазақстанда медицинаны, медицина ғылымын және практикалық медицинаны дамытуға зор әлеует бар. Дәрігер ретінде, ұйымдастырушы дәрігер ретінде мұны жақсы байқаймын. Біз, ресейліктер, бұл жерде қазақстандық медицинаның технологиялық даму тұрғысынан керемет даму деңгейімен бетпе-бет келіп отырмыз", - деп атап өтті маман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети