Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевқа "Ресей батыры" атағын беру ұсынылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Рақымжан Қошқарбаев Алматы қаласында Рақымжан Қошқарбаев Алматы қаласында

Григорий Булатовпен алғаш рет Рейхстагта Жеңіс туын тіккен қазақстандық Рақымжан Қошқарбаевқа "Ресей қаһарманы" атағын беруді ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ардагердің немересі Дәурен Қошқарбаев хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Григорий Булатовпен алғаш рет Рейхстагта Жеңіс туын тіккен қазақстандық Рақымжан Қошқарбаевқа "Ресей қаһарманы" атағын беруді ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ардагердің немересі Дәурен Қошқарбаев хабарлады.

Оның айтуынша, Қошқарбаевқа бұл атақты беру туралы ұсынысты  "Естелік шамы" ("Свеча памяти") атты ресейлік қозғалыстың өкілдері жасады. "Менің атам Кеңес Одағының Батыры атағын алмады, сондықтан олар енді осы атақты беруді ұсынды. Бұл ұсыныс Ресей президенті Владимир Путинге жолданды. Қазір бұл сұрақты қарастырып жатыр", - деді Дәурен Қошқарбаев. 

Немересінің айтуы бойынша, бұл тарихтағы әділеттілікті қайта қалыптастыру үшін жасалып отыр. "Бізде ҰБТ сұрақтарының ішінде, ең бірінші туды кім тіккен деген сұрақтың дұрыс жауабы Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов делінген. Ал ресейлік сынақтамаларда мүлде өзгеше жауап - Михаил Егоров пен Мелитон Кантария. Бұл қате ғой. Мәселе шешімін таппай келеді", - деді ол. 

Айта кетейік, Рақымжан Қошқарбаевтың құрметіне өзі директор болған "Алматы" қонақ үйінің кіреберісінде мемориал тақтасы орнатылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer