17 ақпан 2014 16:49

"Риддер-Өскемен" туристік маршруты іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

    «Риддер-Өскемен» туристік маршруты «Риддер-Өскемен» туристік маршруты

Шығыс Қазақстан облысында "Риддер-Өскемен" туристік теміржол маршруты іске қосылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Табиғаты көркем Риддер қаласына жан-жақтан ағылып келіп жататын туристер аз емес. Әсіресе, қыс маусымында кенді шаһарға келушілер көбейеді. Алайда қалаға дейінгі жолдың сапасыздығы алыстан ат шалдырған меймандарға қолайсыздық туғызып келген-ді. - Енді бұл мәселе шешілді деуге болады. Туристер бұдан былай әр аптаның жексенбі күні облыс орталығынан Риддерге дейін пойызбен жетіп, тау шаңғысы базаларында демалыс күндерін өткізе алады. Бағасы да қолжетімді. Бар болғаны - 200 теңге, - дейді облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының мамандары. Айта кетейік, № 6998-ші пойыз әр апта сайын демалыс күндері жүретін болады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети