09 қараша 2022 12:41

Риддер тұрғындарына жылу беріле бастады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддердегі жылу электр орталығындағы апаттық жағдай жойылып, қала тұрғындарының үйлеріне жылу кіре бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Риддердегі жылу электр орталығындағы апаттық жағдай жойылып, қала тұрғындарының үйлеріне жылу кіре бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Риддердегі жылу электр орталығындағы апатты жоюға Шығыс Қазақстанның түкпір-түкпірінен ірі өндірістік және коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері қатысып жатыр. Жұмыс тәулік бойы жүреді.

"Риддер ЖЭО-да болған төтенше жағдайды жою бойынша топтардың тәулік бойы жұмыс істейтін төртінші күні басталды. Кеше түске қарай 3 қазандық іске қосылып, жүйеде температура 57 градусқа дейін көтерілді. Ал сағат 21.00-де жоғары қысымды қазандық жағылды", - деп жазды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниэль Ахметов Instagram желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ең маңызды мәселе - №4 қазандықты жөндеу.

Риддерліктер үйлеріне жылу беріле бастағаны туралы Желіде жарыса жазып жатыр.

"Жарайды, құдайға шүкір, батареялар баяу болса да қыза бастады. Қиындығымызға жауап бергендерге рахмет. Олардың бұған қатысы жоқ. Олар 24 сағат жұмыс істейді", "Сіздерге көп рахмет, суымыз бар, үйіміз жылығанына қуаныштымыз", "Су жылыды, батареялар ақырындап қызып жатыр", - деп жазды тұрғындар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети