Ринат Зайытов: Толқитындай ештеңе болып жатқан жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ринат Зайытов: Толқитындай ештеңе болып жатқан жоқ

Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов жұртты сабырға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов жұртты сабырға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда бір топ адам жиналып, наразылығын білдіргісі келген. Кейін оларды құқық қорғау органдарының ұстап әкеткені белгілі болды. Солардың ішінде өнерпаз да болды деген хабар тараған.

Алайда айтыскер Ринат Зайытов халықты сабырға шақырып, видео жариялады.

"Қадірменді ағайын, алматылықтар, алаңдайтындай, толқитындай ештеңе болған жоқ. Сондықтан баршаларыңызды үйлеріңізге тарауыңызды сұраймын. Себебі мен ешбір қазақтың бір тамшы қанын мойныма алғым келмейді, ағайын. Ешкімге өкпе-реніш жоқ. Бұйыртса, міне, үйге қайтайын деп жатырмын", - дейді Зайытов таралған видеода.

Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен митингілерге қатысты пікір білдірген еді. "Расында да Алматыда және елордада өз пікірлерін білдіріп, көшеге шығып, наразылық шараларына қатысып және тағы басқа әрекеттер жасағандар болды. Қазақстан заңнамасы бойынша, Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, бұл әрекеттердің барлығы заңсыз емес деп танылуы мүмкін. Ерік білдіру жайлы айтатын болсақ, Қазақстанда мұндай еркіндік толықтай бар", - деген болатын Тоқаев Ақордада өткен баспасөз конференциясында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети