05 желтоқсан 2022 09:07

Румыниялық қазақтың ұлттық аспабына ғашық болған. Aldaspan тобы атақты өнерпазбен коллаборация жасады

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Aldaspan этно-рок тобы румыниялық UNKLFNKL деген атпен танылған Габриэль Магимен коллаборация жасады. Tengrinews.kz тілшісі бұл туралы топ мүшесі, домбырашы Мақсат Хасановпен сұхбаттасты.


Қазақстандық Aldaspan этно-рок тобы румыниялық UNKLFNKL деген атпен танылған Габриэль Магимен коллаборация жасады. Tengrinews.kz тілшісі бұл туралы топ мүшесі, домбырашы Мақсат Хасановпен сұхбаттасты.

Желіде румыниялық UNKLFNKL мен қазақстандық Aldaspan тобының бірлесіп шығарған Club Shanyraq бейнебаяны пайда болды. Топ мүшелерінің айтуынша, туындыны шығаруға Wаrner music пен TikTok компаниялары атсалысқан.

"Бұдан екі жыл бұрын UNKLFNKL-дың Oh my darling трегі шыққан еді. Араға бір жыл салып, біз оны кавер ретінде орындадық. Кейін Дубайда каверге бейнебаян түсіріп, YouTube-ке жүктедік. Туындының авторы Габриэль бізге хабарласып, коллаборация жасағысы келетінін айтты. Сөйтіп, онлайн жұмыс істеп, Wаrner music пен TikTok компанияларымен бірлесіп шығардық", - дейді топ мүшесі Мақсат.

Домбырашының айтуынша, UNKLFNKL Aldaspan тобына бірлесіп жұмыс істеу ұсынысын бірінші білдірген. Румыниялық өнер иесі қазақтың аспабына ғашық болған.

"Бақытжан Астанада фольклорлық ансамбльде жұмыс істейді, мен Алматыда "Отырар сазы" оркестрінде жұмыс істеймін. Былтыр астаналық ансамбль мен біздің "Отырар сазы" Дубайдағы EXPO-ға бардық. Оған бармас бұрын алдын ала дайындалдық. Ұялы телефонмен болсын бейнебаян түсіргіміз келді. Сөйтіп, ақылдаса келе, таңдауымыз Oh my darling-ке түсті. Тректің авторы жыл басында YouTube-тегі видеоға пікір қалдырған. Ол қазақтың ұлттық аспаптарына қатты қызықты", - деді ол.

Мақсат Хасановтың айтуынша, шетелдік әртіспен онлайн жұмыс істеу қиын болмаған, бір-бірін аудармашы арқылы түсінген.

"Габриэль бізге жаңа трек жазуға ұсыныс білдірді. Онлайн жұмыс істеу қиынға соқпады. Жұмысымыз оңай әрі тез жүрді. Бір-бірімізді оңай түсініп кеттік. Бейнебаян түсірерде Габриэль қиындатпай, қаланың тыныc-тіршілігін, базар не тойды түсіруді ұсынды. Мен Түркістанда туып өскен соң, туған жерімді түсірдім", - дейді топ мүшесі Мақсат.

Ал UNKLFNKL жігіттердің Дубайда түсірген бейнебаянын YouTube-те көргеннен кейін ойланбастан жұмыс істеуге ұсыныс білдіргенін айтады. Жігіттердің трегі оған экзотикалық әсер қалдырған.

Румыниялық өнер иесінің айтуынша, кейінгі бейнебаяннан кейін Қазақстанға келіп көру - арманы.

"Жігіттердің кейінгі бейнебаянға жіберген видеолары қатты ұнады. Ұнағаны сонша, Қазақстанға барғым келіп кетті. Біздің бейнебаянды көрген адамдардың Қазақстанға деген қызығушылығы арта түсті деп ойлаймын. Мақсат пен Бақытжан керемет кадрларды алған, жігіттердің қолынан келді", - дейді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети