24 қаңтар 2014 17:47

Рысқалиев мемлекеттік лауазымға өзіне шын берілгендерді ғана тағайындап отырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бергей Рысқалиев. ©Tengrinews.kz Бергей Рысқалиев. ©Tengrinews.kz

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев мемлекеттік лауазымға өзіне шын берілгендерді ғана тағайындап отырған. Ал өзінің ұйымдасқан қылмыстық тобына күйеу балалары мен басқа да аса қажет адамдарын тартқан деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. "Рысқалиев өзінің облыс әкімі аппараты жетекшісі орынбасарлығына, атқарушы органдар жетекшілігіне тағайындаумен байланысты қызметтік уәкілеттігін пайдалана отырып, әрі Мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексін бұза отырып, мамандарды өзіне адал болу қағидасымен ғана іске асырған. Бұған қоса, ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық қызметіне күйеу балалары - Ізбасар, Желдібаев, Сүлейменовтерді тартқан", - дейді сотта айыптау қорытындысын оқыған прокурор Ақылбек Қаражанов. Прокурордың айтуынша, Рысқалиевтің туыстары оның қылмыстық топты одан әрі қалыптастыру және оған заңды тұлғаларды, соның ішінде, Әлиев, Жолмағамбетов, Азбергенов, Дүйсембаев, Темірәлин, Әлімов, Батырбаев, Сисенов және басқаларды тарту жөніндегі тапсырмаларын орындаған. "Үкімет пен Қазақстан халқының сенімін теріс пайдалана отырып, облыс әкімі лауазымына тағайындалған Рысқалиев өзіне берілген заңды уәкілеттікті мемлекеттің мүддесін ескермей әрі жеке басын байыту үшін пайдалануды ұйғарған. Ойға алған заңға қайшы әрекеттерінің ауқымды екенін ескерген ол өзінің қылмыстық жоспарын табысты іске асыру үшін жоспарына әкімдік қызметкерлері мен өзі берген заңсыз нұсқауларды дәл әрі мүлтіксіз орындайтын басқа да адамдарды тарту керектігін түсінген", - дейді мемлекеттік айыптаушы. Прокурордың мәліметінше, Бергей Рысқалиев қылмыстық тобының құрамына энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры Сәлімбаевты, оның орынбасарлары Кенжебеков пен Жайсаңовты, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің директоры Құралбаевты, оның орынбасары Жиенбаевты, құрылыс департаменті директорының орынбасары Әміровті және басқаларды кіргізген. "Аталған тұлғалар қылмыстық топтың мақсатын біле тұра, оған қосылуға келісім берген", - дейді Қаражанов. Мемлекеттік айыптаушының пікірінше, Рысқалиевтің қылмыстық тобы әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысы кезінде, газдандыруда, электрлендіру, сумен қамту, тұрғын үйлер, көпір өткелдері, кәріз-тазарту нысандары құрылысы езінде қаржы жымқыру арқылы пайда табуды мақсат еткен. Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты істің 777 томнан тұратынын еске саламыз. Айыпталушылар орындығында 22 адам отыр, оларға қатысты тұтқындау немесе ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шаралары алынған. Бұған дейін хабарлағанымыздай, процесті Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Гүлмира Дәулетованың басшылығымен өтіп жатыр. Қосалқы судья ретінде осы соттың өкілі Жұмағали Тәшімов тағайындалды. Қылмыстық топтың мүддесін 20-ға жуық адвокат қорғамақ. Олардың жартысынан астамы облыстың барлық судьясына сенбейтінін айтып, қарсылық білдірген. Бергей Рысқалиевтің қылмыстық тобы мемлекетке 71 млрд теңгеден астам зиян келтірген. Қаржы полициясының көмегімен қаржының 23,6 млрд-ы қазынаға қайтарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети