Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Саакашвили өлім аузында жатыр - дәрігер 11 тамыз 2022, 08:28

Түрмеде жатқан Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили "Вивамед" емханасында өлім аузында жатыр. Бұл туралы саясаткерге барған невропатолог
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© facebook/SaakashviliMikheil © facebook/SaakashviliMikheil

Түрмеде жатқан Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили "Вивамед" емханасында өлім аузында жатыр. Бұл туралы саясаткерге барған невропатолог Отар Тоидзе мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоидзенің айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысының денсаулық жағдайы туралы қорытынды баяндама жасау үшін жақын күндері бір топ дәрігер барады.

"Бір айға жуық уақыт бойы біз оған бармадық. Оның қазіргі жағдайын БАҚ беттерінен және дәрігерлермен қысқаша әңгімеден ғана білеміз. Менің Михаил Саакашвилиге барған бірінші және соңғы сапарым арасында айырмашылық бар. Ол ешқашан сөйлеуден, жүруден қиналмаған адам. Қазір жағдайы ауыр. Сондықтан объективті баға беріп, қорытынды жазу үшін барып қалатын шығармыз. Ол өлім аузында жатыр", - деді невропатолог.

Сәрсенбіде Саакашвилиге барған митрополит Николоз саясаткердің емханада 11 келіге арықтағанын айтқан болатын.

"Мен келгенде бірінші арықтағанын байқадым. Оның дәл осылай арықтағанын ешқашан көрмегенмін. Ол маған емханаға ауыстырылғаннан бері 11 келіге арықтағанын айтты", - деді Николоз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram