22 мамыр 2018 14:28

Сағадиев әкімдерден мектептерді ҰБТ нәтижесі бойынша жазаламауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Білім министрі Ерлан Сағадиев Қазақстандағы Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізуге дайындық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Білім министрі Ерлан Сағадиев Қазақстандағы Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізуге дайындық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Үкімет отырысында есеп берген министр 2018 жылы ҰБТ 15-ші рет өткізілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол 2017 жылы ҰБТ қорытынды емтихан, оқуға тапсыруға емтихан және мемлекеттік білім орындарының грантын беру механизмі ретінде үш түрлі қызметтің баламасы болғанын атап өтті. 

"Тестілеудің бұл форматы былтыр өзгертілген. Енді қорытынды аттестация немесе емтихан мектепте өтеді, ҰБТ оқуға тапсыру емтиханы және мемлекеттік грант беру механизмі болды", - деді Ерлан Сағадиев. 

Министрдің сөзінше, 2018 жылы тест форматы өзгермейді. 

"ҰБТ өткізу мерзімі мен тапсырмалар көлемі өзгермейді. 20 маусымнан 1 шілде аралығына дейін 167 орында өткізіледі. 120 тест тапсырмасы. Ең жоғары 140 балл, тапсырып өту балы - 50. Ұлттық ЖОО-ларға түсу үшін 65 баллдан кем болмауы қажет", - дейді министр. Сонымен бірге, ол биыл тест тапсырмалары 50 пайызға жаңарғанын да айта кетті. 

"ҰБТ тапсырғысы келгендер саны 102 442 немесе мектеп түлектерінің 70 пайызы. Соның ішінде, 75 пайызы қазақ, ал қалғаны орыс тілінде. Былтырмен салыстырғанда ҰБТ тапсырғысы келгендер саны 10 пайызға артқан", - дейді ол. 

Сөз соңында, Сағадиев Қазақстан өңірлерінің басшыларына сөзін арнады. 

"Министрлік ҰБТ бойынша мектеп рейтингтерін жүргізбейді. Сондықтан әкімдер назарына ҰБТ нәтижелері бойынша шара қолданбаңыздар", - дейді министр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети