29 желтоқсан 2020 10:13

Сағынтаев Алматыда қандай дәрі-дәрмектер сатып алынғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада қандай дәрі-дәрмектер сатып алынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада қандай дәрі-дәрмектер сатып алынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әкім Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Сағынтаев жұмыс сапары кезінде қаладағы дәріханаларға берілу үшін тұрақтандыру қорына сатып алынатын медпрепарат қоймаларындағы жағдаймен таныстым. Тұрақтандыру қорының ең ірі өкілі "Інкәр" компаниясы. Оның қоймасында дәрі-дәрмектің 62 түрі бойынша 7,7 миллион препарат, соның ішінде 1,4 миллион антибиотик, дене қызуын түсіретін, антикоагулянттар мен вирусқа қарсы дәрілердің қоры бар.

Жалпы шілде айынан бері тұрақтандыру қорына медөнімдердің 64 түрі мен медбұйымдардың 4 түрі бойынша 45 миллион дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл жоспарланған көлемнен 12 пайызға артық. Жалпы төмендетілмейтін қор көлемі - 8 миллион бірлік. Медпрепараттар қаладағы барлық дәріхана желісіне жіберіледі. Бұл шара аурудың ушыққан кезеңінде дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді", - деп жазды әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети