02 сәуір 2021 11:35

Сағынтаев Алматыдағы эпиджағдай туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы коронавирус жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы коронавирус жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы айда қалада ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамдар пайда болды. Салдарынан күнделікті вирус жұқтырғандар саны артты. Жалпы айтқанда Алматыда індет басталғалы 35 193 жұқтыру дерегі тіркелді. Оның ішінде 24 012-сінде ауру белгілері бар.

Бүгін таңертең инфекцияның 595 жағдайы тіркелді, оның ішінде ауру белгілері бар - 497, белгілері жоқ - 98. Жаңа штамдарда симптомы бар науқастар көбірек болатынын атап өткім келеді", - деді әкім.

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, стационарларда 2945 адам бар, 52-сінің жағдайы өте ауыр, 531-інде ауыр және 2362-сінде орташа ауыр. 1 сәуірде 233 науқас шығарылды, 339 науқас түсті.

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халықты жаппай вакцинациялау сәуірдің екінші жартысына жоспарланғанын хабарлаған еді. Егу пункттері емханаларда ғана емес, ірі сауда орталықтарында да ашылатыны атап өтілген. Сондай-ақ, мобильді пункттердің жұмысы ұйымдастырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети