02 сәуір 2021 14:50

Сағынтаев Алматы қандай жағдайда жабылуы мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев блокбекеттер орнату және қаланы карантинге жабу туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев блокбекеттер орнату және қаланы карантинге жабу туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау жүйесі қарқынды жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта қаланы толығымен жабу мәселесі көтерілген жоқ. Оған қатысты алдын ала ақпарат береміз. Таңертең тұрсақ, қала жабық деген болмайды.

Егер денсаулық сақтау жүйесінің күші жетпей жатса және инфекцияның таралу көрсеткіші нормадан асып кетсе және басқарылмайтын болса, қосымша шешім қабылдау қажет болады. Әзірге қаланы жабудың қажеттілігі жоқ", - деді әкім.

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев вакцинация сәтсіз жүргізіліп жатқаны және коронавирустың үшінші толқыны туралы айтқан болатын. Сондай-ақ, әкім Алматыдағы эпиджағдай туралы айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети