14 қараша 2016 10:49

Сағынтаев Астанадағы кептеліс үшін Исекешевті сөкті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы кептеліс Астанадағы кептеліс

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астана әкімі Әсет Исекешевті жолдардағы қар мен кептелістер үшін сөкті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астана әкімі Әсет Исекешевті жолдардағы қар мен кептелістер үшін сөкті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қалай түгелдей тұрып қалды, барлығы жұмысына кешігіп жатыр. Ешқандай дайындық болмағандай. Бұл сіздің әкім қызметіндегі бірінші қыс. Бірінші сынақ. Осы жағдайдан лайықты түрде шығуыңызды тілейміз", - деп ескертті үкімет басшысы Исекешевті.

Әсет Исекешев өз кезегінде қар тазалау жұмыстарының түнгі екіден басталғанын және осы уақытқа дейін барлық көшенің тазартылғанын атап өтті.

"Шын мәнінде бізде ауа райы тез өзгереді. Біз дайындалдық, қардың толассыз жаууына байланысты кептелістер пайда болды. Мұнда ауа райы жағдайына байланысты, барлығы реттеледі. Түні бойы барлық машина жұмыс істеді, қала көшелерін толықтай тазалау жұмыстары жүргізілді", - деді Исекешев.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети