24 қаңтар 2022 10:44

Сағынтаев Бостандық ауданының әкімін сынға алды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетовты сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетовты сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24 қаңтарда дүйсенбі күнгі таңертеңгі жиналыста мегаполис басшысы азық-түлік бағасы өскеніне назар аударды. Өткен аптадағы есепте Сағынтаев Бостандық ауданында осындай 21 заңбұзушылық, ал Түрксіб ауданында бірде-бір заңбұзушылық анықталмағанын айтты. Ол аудан әкімі Алтай Рахымбетовтен мұндай жағдай қалай болуы мүмкін екенін түсіндіруді сұрады.

"Біз, керісінше, күн сайын тексеру жүргіземіз, осындай фактілерді анықтаймыз және дүкен иелерімен бағаларды төмендетуге жұмыс істейміз", - деп жауап берді Алтай Рахымбетов.

"Түрксіб ауданында заңбұзушылық жоқ деп айтқыңыз келе ме, яғни аудан әкімі жұмыс істемей ме", - деп сұрады Алматы әкімі.

"Жоқ, олай емес, күн сайын мониторинг жүргізіліп отыратынын айтқым келген", - деді Рахымбетов.

"Егер күн сайын мониторинг жүргізілсе, онда заңбұзушылықтар болмауы керек еді. Бақылауға алыңыздар, бұл дұрыс емес", - деді аудан әкімі Сағынтаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tengri Almaty (@tengri.almaty)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети