Сағынтаев Исекешевке: Назарбаевтың сынынан кейін не өзгерді?

16 Мамыр 2017, 12:21
0
Сағынтаев Исекешевке: Назарбаевтың сынынан кейін не өзгерді? -

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сынынан кейін елордада қандай өзгерістердің болғанын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әсет Өрентайұлына (Әсет Исекешев - Астана әкімі) қояр сұрағым бар. EXPO көрмесіне қатысты соңғы есепте Мемлекет басшысы мүгедек жандардың әлеуметтік нысандарға қолжетімділігіне қатысты сын айтқан еді. Суреттер көрсетілді. Енді қандай өзгерістердің болғанын білсек бола ма?", - деді Сағынтаев.

Исекешевтің айтуынша, қала билігі барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеу үшін арнайы штаб құрды.

"Қазіргі уақытта жоспарымызды түзетіп жатырмыз. Астанада соңғы төрт жылда нысандардың 56 пайызына төлқұжат берілді, 224 нысан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Әрине, сұрақтар көп. Біздің жоспарымызға тағы да нысандар қосылып жатыр: мәдени, спорттық нысандар және бірінші кезекте жаяу жүргіншілерге арналған жолдар. Сондай-ақ, дүкендер мен коммерциялық кәсіпорындар", - деді Астана әкімі.

Сондай-ақ, қала әкімі әкімдіктің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаментімен біріге отырып арнайы жоспарға кіріскенін айтып өтті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай