18 сәуір 2017 12:04

Сағынтаев Қасымбекке: Ақталудың қажеті жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіс Қасымбек. © Тұрар Қазанғапов Жеңіс Қасымбек. © Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Министрлік 20 көрсеткіш бойынша экономикалық өсім үшін жауап береді. Үш көрсеткіштің өсімі бір жылға жоспарланған өсімнен аз болып шықты. Бірінші көрсеткіш, яғни машина жасау бойынша. Оның өсімі 1,8 пайыз болды. Бұл жылдық жоспардан 13 пайызға төмен. (...) Біз екінші жартыжылдықта жағдай айтарлықтай өзгереді деп ойлаймыз", - деді министр Қасымбек баяндамасында.

"Жеңіс Махмұдұлы, біз сізді белгілі бір мақсатқа арналған көрсеткішті орындаған жоқ деп есептейміз, ақталудың қажеті жоқ", - деді Сағынтаев министрге.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің баяндамасына қарағанда, ҚР инвестициялар және даму министрлігі темір, түсті металдар, тоқыма бұйымдары, фармацевтикалық өнімдер, резеңке өндірудегі жұмыстарды толықтай атқарды. Ал химия өнеркәсібі мен машина жасаудан жетіспеушілік байқалады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Бақытжан Сағынтаев су тасқынына жол берген Ақмола облысының әкімін сөккен болатын. Сондай-ақ, премьер-министр биліктегілердің су тасқынына ұшыраған аумақтарды ерекше қатаң бақылауда ұстау керектігін айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети