03 маусым 2020 18:41

Сағынтаев Көк-Жайлауды ұлттық паркке қайтаруды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Айнаш Өндіріс Фото Tengrinews.kz/Айнаш Өндіріс

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Премьер-министрі Асқар Маминнен Көк-Жайлау жерін Іле-Алатау ұлттық паркінің құрамына қайтаруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір басшысының Twitter-парақшасына сілтеме жасап.

"Экологтармен жиі кездесемін. Көк Жайлаудың тағдыры туралы көп айтылады. Осы мәселеге нүкте қою үшін бүгін Премьер-Министрдің атына бұл жерлерді қала қорынан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтару туралы өтініш хат жаздым", - деді Сағынтаев. 

Бұған дейін Іле-Алатау ұлттық паркі мен Бурабай ерекше күзеттегі табиғи аумақтар құрамына қайтарылатыны хабарланған. Мұндай заң жобасын Мәжіліс депутаттары қарастырып жатыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети