27 желтоқсан 2016 11:33

Сағынтаев министрлер мен әкімдерден Жаңа жыл қарсаңында халыққа қиындық тудырмауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев министрлер мен әкімдерден Жаңа жыл тойлау кезінде адамдарға проблема жасамау керектігін айтып, бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев министрлер мен әкімдерден Жаңа жыл тойлау кезінде адамдарға проблема жасамау керектігін айтып, бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ең бастысы, Жаңа жылда халыққа проблема жасамауымыз керек. Жаңа жылды барлығымыз жылы жерде қарсы алғымыз келеді. Дәл осы мереке күндері жылыту маусымын өткізуде қалыпты жағдай жасайық, сондықтан Энергетика министрлігіне ЖЭС-тегі отын қорын, қазандықтарды бақылауға алуды тапсырамын", - деді премьер аймақ әкімдерінің жылыту маусымындағы жауапкершіліктің жекелей артылатынын ескерте отырып.

"Ішкі істер министрлігіне күшейтілген қызмет атқаруға көшуді тапсырамын. Сонымен қатар, жаңажылдық шаралардың өтетін орындарын бақылауға алу керек, оның ішінде өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп бар. Облыс әкімдері, Астана мен Алматы әкімдері ІІМ-мен бірге жағымсыз ауа райы жағдайында көлік қозғалысының жолдағы қауіпсіздігі бойынша ескерту шараларын қабылдасын. Барлық мемлекеттік органда жедел кезекшілер бекітіліп, барлық қызмет түрі қажет кезінде нақты әрі тиімді жұмыс ұйымдастырылсын, Асқар Ұзақбайұлы (Мамин - Авт.) бақылайды", - деп тапсырды Сағынтаев.

Соңында премьер-министр жылдың сәтті аяқталғанын, Мемлекет басшысы тапсырған барлық тапсырманың толықтай орындалғанын атап өтті. Премьер-министр келе жатқан Жаңа жыл мерекесінмен құттықтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети