Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті алға қойған міндеттерді орындау бойынша Үкімет отырысын өткізді, деп хабарлады Primeminister.kz.
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті алға қойған міндеттерді орындау бойынша Үкімет отырысын өткізді, деп хабарлады Primeminister.kz.
Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2018 жылдың 9 ақпанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шаралары қаралды.
Отырыс барысында қаржы министрі Сұлтановтың, ұлттық экономика министрі Сүлейменовтің, инвестициялар және даму министрі Қасымбектің, энергетика министрі Бозымбаевтың, ақпарат және коммуникациялар министрі Абаевтың, денсаулық сақтау министрі Біртановтың, білім беру министрі Сағадиевтің Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау мәселелері жөніндегі есептері тыңдалды.
Сондай-ақ, талқылауға Ұлттық банк төрағасы Ақышев, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Мамин, ҚР премьер-министрінің орынбасарлары Шөкеев, Досаев, Жұмағалиев және "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Мырзахметов қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдардың әр басшысының жеке жауапкершілігін атап өтіп, нақты тапсырмалар берді.
Еске сала кетейік, кеше, 9 ақпанда Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста Назарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселесіне қатысты сын айтқан болатын.
Дәл осы күні Мәдина Әбілқасымова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.