03 қараша 2016 17:41

Сағынтаев ШЫҰ елдерінің Үкімет басшыларының отырысына қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pm.kz © pm.kz

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ШЫҰ мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының кеңесі отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ШЫҰ мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының кеңесі отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Бішкекте ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ШЫҰ мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты, онда ұйымның көп жақты ынтымақтастығы және одан әрі дамуының бірқатар  өзекті мәселелері талқыланды.

Өз сөзінде Бақытжан Сағынтаев көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ШЫҰ мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қозғады.

ҚР премьер-министрінің айтуынша, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесі ағымдағы жылдың маусым айында Ташкентте бекіткен ШЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асырудың 2016-2020 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспарын орындау маңызды болып табылады.

Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы Астанада "Болашақ энергиясы" тақырыбына арналған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтетінін еске салды және Қазақстан халықаралық ұйымдар павильонындағы "ШЫҰ секцияларын" орналастыруға  көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Сондай-ақ, ҚР премьер-министрі ШЫҰ кеңейту тақырыбын қозғады. Мәлім болғандай, 2017 жылғы 8-9 маусымда Астанада ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының Саммиті өтеді, онда Үндістан мен Пәкістанды ШЫҰ мүшелігіне қабылдау рәсімін аяқтау және сәйкес құжаттарға қол қою күтілуде.

Отырыстардың қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Айта кету керек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың маусымында ШЫҰ мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің отырысы барысында Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ-на кіруі ұйымның халықаралық аренадағы рөлі мен беделін арттыра отырып, сапалы жаңа даму сатысын білдіретінін айтқан болатын. 

"Жаңа мүше мемлекеттердің қосылуын есепке алғанда, ШЫҰ Еуразия аумағының 60 пайыздан астамын, ғаламшар халқының 45 пайызын, әлемнің ЖІӨ-нің 19 пайыздан астамын біріктіреді. Бір жылдан астам уақыт бұрын мен Біріккен Еуразиялық экономикалық кеңістікті құру туралы бастама көтерген болатынмын. Мұндағы маңызды элемент Еуразияның негізгі орталықтарын Жібек жолының тарихи бағдарларын жандандыру арқылы инфрақұрылымдық біріктіру болып табылады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Бішкекке ШЫҰ мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының кеңесіне қатысуға барған болатын. Сапар аясында Б. Сағынтаев Қырғызстан Республикасы премьер-министрінің міндетін атқарушы Сооронбай Жээнбековпен, Ауғанстан Ислам Республикасы Атқарушы билігінің басшысы Абдулла Абдулламен екіжақты кездесулер өткізіп, сонымен қатар Қырғызстан Президентінің ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшыларымен кездесуіне қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети