09 ақпан 2014 15:50

Сахалин шіркеуінде екі адам оққа ұшты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото: Оңтүстік Сахалин мен Курил Епархиясы шіркеуі © Фото: Оңтүстік Сахалин мен Курил Епархиясы шіркеуі

Бүгін Ресейдің Сахалин облысында жоғары христиан руханиларының жиналысы кезінде ер кісі атыс ұйымдастырып, нәтижесінде екі адам қаза болып, алты адам дене жарақатын алды, деп хабарлайды РИА Новости "Сағат 14:00 шамасында Оңтүстік Сахалин мен Курил епархиясының бас шіркеуіне (Христовтің жексенбісінде) қарулы адам баса көктеп кіріп, бірнеше рет оқ жаудырған. Осының салдарынан шіркеудің діни қызметшісі Людмила (Пряшникова) мен шіркеуге құлшылық етуге келген ер адам қайтыс болды. Екінші адамның нақты аты-жөні кім екендігі анықталу үстінде",- деп жазылған хабарламада. Оңтүстік Сахалин мен Курил епархиясының архиепископы Тихонның айтуынша, оқ тиіп жараланған алты адам ауруханаға түскен. Олардың алған жарақаттары соншалықты қауіпті емес көрінеді. Аяқтарынан жараланған. Сондай-ақ архиепископ сағат 17:00-де храмның төменгі залында қаза болғандар мен жарақат алғандарға дұға оқылатынын жеткізді. Оқиға орнында шұғыл-тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қарудан оқ атқан адам қылмыс үстінде ұсталған. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілердің мәліметінше, атысты 1989 жылы туылған жергілікті тұрғын ұйымдастырған, ол жекеменшік күзет фирмаларының бірінде жұмыс істеген. Енді оған "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бабы бойынша өмір бойы бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети