"Саяхаттағы" қара базар сүріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Саяхаттағы" қара базар сүріліп жатыр

15 тамызда бұрынғы "Саяхат"автобекетінің орнында болған заңсыз базар жерді мақсатты пайдаланбағаны үшін және автобекеттің құрылысына байланысты сүріледі, - деп мәлімдеді Алматының ішкі саясат бөлімі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 тамызда бұрынғы "Саяхат"автобекетінің орнында болған заңсыз базар жерді мақсатты пайдаланбағаны үшін және автобекеттің құрылысына байланысты сүріледі, - деп мәлімдеді Алматының ішкі саясат бөлімі. 

22 маусымда барлық базар сатушысына 1 шілде күнінен бастап жұмысты тоқтату хабарламасы таратылған, алайда  кәсіпкерлердің сұрауы бойынша уақыты бастапқыда 1 тамызға дейін, кейін 15 тамызға дейін көшірілді. 

Осыған дейін Жетісу ауданының аппарат әкімі түсініктеме жұмысын жүргізіп, сатушыларға Жетісу ауданының аумағында сату орындары ұсынылған. Олар: "Дәстүр" сауда үйі (Солтүстік айналым, 8, 14 шаршы метрлі жалға берілетін сату бөлімінің бағасы - 25 000 теңге), "Самал" базары (Солтүстік айналым, 53 В, 1 контейнердің жалға беру бағасы - 5 мың теңге, 2 айы тегін). Сонымен қатар, Алатау ауданының маңындағы Mizam көтерме және бөлшек сауда орталығы ұсынылды. Нәтижесінде саудагерлердің басым бөлігі ұсынылған орынды өз еріктерімен қабылдаған. 

Еске сала кетейік, басқарма өкілдерінің хабарлауынша, "Саяхат-Инвест" ЖШС мен Райымбек даңғылынан солтүстікке қарай және Сүйінбай даңғылының шығыс жағында орналасқан жер учаскесінің иелерімен Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қала маңындағы байланыс үшін Саяхат автовокзалын салу мәселесі қарастырылып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети