Сайлауда дауыс бергендердің саны жағынан қай өңірдің көш басында екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сайлауда дауыс бергендердің саны жағынан қай өңірдің көш басында екені анықталды © Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясындағылар Астана уақытымен сағат 14.00-дегі жағдай бойынша сайлаушыларға қатысты мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орталық сайлау комиссиясындағылар Астана уақытымен сағат 14.00-дегі жағдай бойынша сайлаушыларға қатысты мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов брифинг барысында мынаны мәлімдеді: сағат 14.00-дегі жағдай бойынша, сайлаушылар тізіміне іліккен сайлаушылардың жалпы санының 60,22 пайызы бюллетень алды.

Астанада сайлаушылардың - 54,71 пайызы, Алматыда 21,45 пайызы дауыс берді. Ақмола облысында - 69,97, Ақтөбе облысында - 57,1, Алматы облысында - 77,16, Атырау өңірінде - 65,87, ШҚО - 66,7, Жамбыл облысында - 63,6, БҚО - 56,37, Қарағанды облысы - 59,2, Қостанай облысы - 68,17 және Қызылорда облысы - 65,69, Маңғыстау облысы - 51,76, Павлодар облысы - 61,77, СҚО - 61,2 және ОҚО-да 68,86 пайыз сайлаушы дауыс беріп үлгерді.

Бүгін сайлау 9 840 учаскеде өтіп жатыр. Айта кетейік, сайлау кезінде 20 мың полицей құқық қорғауды қамтамасыз етеді. Бүгін, 20 наурызда Астана уақытымен таңғы 7.00-де елдің басым өңірлерінде сайлау басталды. Сайлау 20.00-ге дейін жалғасады.

Парламенттің төменгі палатасының орындарына алты саяси партия таласады: "Нұр Отан", "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық париясы (ҚДП), Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП), "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және "Бірлік" партиясы.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +29
Ақтау +33
Ақтөбе +27
Атырау +32
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +29
П
Павлодар +29
Петропавл +29
С
Семей +34
Т
Талдықорған +31
Тараз +32
Түркістан +27
О
Орал +29
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер