29 қаңтар 2024 14:41

Салық комитеті "қарызымды қайтардым" жазбасы бар аударымдарды ескере ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Салық комитеті "қайырымдылыққа" немесе "қарызымды қайтардым" жазбалары бар хабарламаларды ескере ме? Tengrinews.kz тілішісі анықтап көрді.


Салық комитеті "қайырымдылыққа" немесе "қарызымды қайтардым" жазбалары бар хабарламаларды ескере ме? Tengrinews.kz тілішісі анықтап көрді.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қазақстандықтың мобильді аударымдары көлеңкелі бизнесті анықтауға байланысты тексеріле бастады. Үш ай бойы айына 100-ден аса аударым алу бизнес жүргізудің белгісі болып саналады. Сол күннен бастап азаматтар кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтер үшін онлайн төлемдерді қабылдаудан бас тартып, қолма-қол ақша талап етуіне шағымдана бастады.

Кейбір кәсіпкерлер заңнан олқылық іздейді. WhatsApp желісінде клиенттерге аударым жасағанда қарызымды қайтардым немесе аударымның қайырымдылық мақсатта жіберілгені туралы мәтін жазуды сұраған хабарламалар жаппай тарап жатыр. Мәтін мынадай:

"Жалпы, болашақта аударым арқылы төлей бере аласыздар, бірақ "Алушыға хабарлама" жолында "қайырымдылыққа" немесе "қарызымды қайтардым" деп жазуды ұмытпаңыз, содан кейін мекенжайыңызды".

Осындай хабарламалары бар аударымдар тексеру барысында шынымен есепке алына ма, жоқ па, соны білу үшін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаментіне хабарластық.

Тексеру кезінде тек аударымдар саны ғана есепке алынады деген жауап алдық:

"Егер үш ай ішінде 100-ден аса аударым алсаңыз, онда кәсіпкерлік қызметпен айналысасыз. Не жазғаныңыз маңызды емес: кәсіпкерлік қызмет, қарыз немесе басқасы".

Қосымша сұрақтарға жауап ретінде бізге аударымдарға арналған мәтіндік хабарламалар ескерілмейтінін және ешкім тексермейтінін растады.

Еске салайық, мобильді аударымдар санын шектеу туралы жаңа ереже күшіне енгеннен кейін көптеген қазақстандықтар кәсіпкерлердің талабына байланысты карталарынан қолма-қол ақша алу қажеттілігіне тап болған болатын. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл талапты заңсыз деп атады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети