06 наурыз 2024 15:18

Салық қызметкерлері: "Жұмыссыз болсаңыз, Алматыда пәтерді қалай алдыңыз?"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстан азаматтарын тексеруге не негіз болуы мүмкін? Бұл сұраққа Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке кірістер басқармасы басшысы Дина Құсайынова жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құсайынова брифингте салық қызметкерлері кірістен айтарлықтай асып түсетін шығыстарға күдіктенуі мүмкін екенін айтты.

"Шығысыңыз табысыңыздан асып түссе, бұл күдік тудырады. Сіз табысыңыз болмай, кәсіпкерлікпен айналыспай, жұмыссыз болсаңыз, мысалы, кенеттен Алматыдан пәтер сатып алсаңыз. Бұл күдік тудырады. Содан кейін, әрине, сізге хабарлама жіберіледі және сіз бұл пәтерді сатып алу үшін қаражатты қайдан алғаныңызды түсіндіруіңіз керек", - деп түсіндірді басқарма басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети