ПОДЕЛИТЬСЯ
15 шілде 2021 | 10:15
Самал-3 тұрғын үй кешені құрылысы: Алматы әкімдігі Жоғарғы сотқа жүгінеді
Алматы әкімдігінің басқармасы Жоғарғы сотқа Самал-3 ықшамауданындағы жалғыз сквер орнына салынып жатқан тұрғын үй құрылысын тоқтата тұру үшін жүгінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімдігінің басқармасы Жоғарғы сотқа Самал-3 ықшамауданындағы жалғыз сквер орнына салынып жатқан тұрғын үй құрылысын тоқтата тұру үшін жүгінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта "Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы" КММ ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің (АІЖК) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына жіберу үшін кассациялық шағым жобасын дайындады. АІЖК-ге сәйкес кассациялық шағым беру мерзімі алты айды құрайды. Алайда Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы кассациялық шағымды ҚР Жоғарғы сотына үш жұмыс күні ішінде жібереді", - деді әкімдіктегілер.
Бұған дейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мемлекеттік органның құжаттарды кері қайтарып алу туралы әрекетін жарамсыз деп таныды және оның күшін жойды. Кейін құрылыс салушы Назарбаев даңғылы 246а мекенжайы бойынша тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарын қайта бастаған болатын.
Айта кетейік, дау 2020 жылдың күзінде басталған болатын. Медеу ауданының тұрғындары ықшамаудандағы жалғыз саябақ аймағында құрылыс жүріп жатқанына шағымданған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также