14 шілде 2021 12:10

Сағынтаев тоқтатқан Самал-3 тұрғын үй кешенінің құрылысы қайтадан басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Самал-3 ықшамауданындағы тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жергілікті халықтың қарсылығы мен қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұйрығына қарамастан қайта жалғасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Самал-3 ықшамауданындағы тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жергілікті халықтың қарсылығы мен қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бұйрығына қарамастан қайта жалғасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Меңдіқұлов және Қажымұқан көшесінің қиылысында тұратын тұрғындар ықшамауданда жұмыс істеп тұрған экскаватордың видеосын жіберіп жатыр. Қала тұрғындары құрылыс салушының құрылыс жүргізуге рұқсаты жоқ деп есептейді.  

"Біз Президенттің скверлер мен аулаларда құрылысқа тыйым салу туралы Жарлығы орындалмай жатыр деп санаймыз. Алматы әкімінің құрылыс тұрғындардың рұқсатынсыз жүргізілмеуі туралы жарлығы да орындалмайды. Біз әлі де қарсымыз", - деді олар.

Тұрғындар құрылыс салушы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты арқылы қала әкімдігінің құжаттарды кері қайтарып алғанын анықтады. Енді қала тұрғындары заңгерлердің көмегімен сот шешіміне апелляциялық шағым беруге шешім қабылдады.

Алматы қаласы әкімдігінің Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Назарбаев даңғылы, 246а мекенжайындағы учаске жеке меншікте екенін айтып, жағдайды түсіндірді.

"Көп пәтерлі тұрғын үй кешені мен бизнес-орталық құрылысы үшін осы учаскенің нысаналы мақсаты. 5 қаңтарда басқарма МТК жобалауға бұрын берілген жобалау алдындағы құжаттарды қайтарып алды. Құрылыс салушы сотқа жүгінді. 2 сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мемлекеттік органның құжаттарды қайтарып алу туралы әрекетін жарамсыз деп таныды және оның күшін жойды", - деп түсіндірді басқарма өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети