06 тамыз 2021 | 13:55

Самал-3 тұрғын үй кешенінің құрылысы: компания айыптауларға жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Самал-3 шағын ауданындағы жаңа үш қабатты ТК (орталықта) эскизі. Құрылыс салушы суреті Самал-3 шағын ауданындағы жаңа үш қабатты ТК (орталықта) эскизі. Құрылыс салушы суреті

Алматыдағы Самал-3 шағын ауданында салынатын даулы тұрғын үй кешенінің құрылысшысы алғаш рет жағдайға қатысты пкірі білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Самал-3 шағын ауданында салынатын даулы тұрғын үй кешенінің құрылысшысы алғаш рет жағдайға қатысты пкірі білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғын үй кешені салынатын жер учаскесін былтыр SAMAL Residence сатып алған. Осы аумақ маңында 50 соттық жерде бірнеше көпқабатты үй бар. Жақын маңдағы үйлердің кейбір тұрғындары мұнда олардың келісімінсіз жаңа мүлік салынғайы жатқанын айтып, шағымданды. Алайда құрылыс салушы өкілі басқа пікірде.

"Тұрғындар шағын аудандағы жалғыз скверді бұзып жатыр деп шағымданады. Алайда онда ешқашан сквер болған емес. Учаске ұзақ уақыт бос жатқан кезде, қала тұрғындары оны аралап, жаяу жүргіншілер жолын өздері жасап алған. Жүргізушілер де Қажымұқан көшесіндегі кептелісте уақыт жоғалтпау үшін осы бос жер арқылы Назарбаев даңғылына шығады.

Бұл аумақ былтырдан бері ғана біздің меншікте, сондықтан нақты ештеңе айта алмаймыз. Бірақ ресми құжат сөзімізді растайды: Медеу ауданы әкімдігінің мәліметінше, 2003 жылы бұл учаскеге "көп пәтерлі тұрғын үй кешені мен бизнес орталығын салу үшін" нысаналы мақсаты берілген", - деді SAMAL Residence директорының орынбасары Әнуар Шопанов.

Самал-3 шағын ауданындағы жаңа үш қабатты тұрғын үй кешенінің эскизі

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары басталар алдында компания заңнамаға сәйкес, былтыр жазда қоғамдық тыңдаулар өткізген. Олардың қорытындысы бойынша көрші үйлердің 77 тұрғыны алдағы құрылысты мақұлдады. Шопанов бірнеше адам ғана қарсы болғанын және кең ауқымды науқан басталғанын айтты.

"Соңғы рет бізді қоғамдық тыңдауларды заңсыз деп тану үшін сотқа берді. Бірақ сот топ бастамасынан бас тартты", - деді ол.

Самал-3 шағын ауданындағы жаңа үш қабатты тұрғын үй кешенінің эскизі

Құрылысқа қарсы болғандар жер сілкінісі жағдайында адамдарды жинау орны туралы мәселені де көтерді. Олардың айтуынша, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін жаңа тұрғын үй кешені салынатын жер төтенше жағдайда жиналатын орын екен. Алайда, құрылыс салушының өкілі бұл дәлелді жоққа шығарды.

"Тұрғындардың бұл шағымынан кейін Алматы ТЖД-ға ресми хат жолдадық. Олар бізге кейінірек жер сілкінісі жағдайында жинау орны мүлдем басқа жер деп жауап берді. Біздің учаскеге жақын орналасқан үйлердің тұрғындары № 163 мектепте жиналуы тиіс", - деді Шопанов.

Сондай-ақ, ол болашақ ТК учаскесінде сирек кездесетін Қызыл кітапқа енген ағаштар болмағанын, тек жас шамасына қарай қарағаштар болғанын айтты. Компания қазірдің өзінде Құлжа трактінің қиылысындағы Рысқұлов даңғылына 10 еселік көлемде өтемдік ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізген. Алайда қарағаштардың өздері учаскеде кесілген жоқ, өйткені бұған әлі рұқсат алынған жоқ.

"Сонымен қатар, тұрғындар жаңа үйлер пайда болғаннан кейін коммуналдық желілерге жүктеме артады деп шағымданды. Бірақ құрылысшы көрші үйлер сияқты желілерді пайдаланбайды. Бұл жақын маңдағы үйлердің тұрғындарында электр қуатында, су мен газ беруде іркілістер болмайды дегенді білдіреді. Коммуналдық желілерге шамадан тыс жүктеме де жоқ", - деді Шопанов.

Самал-3 шағын ауданындағы жаңа үш қабатты тұрғын үй кешенінің эскизі

Құрылыс салушының өкілі оның қолында құрылысқа арналған барлық рұқсат құжаты бар екенін айтты: жер учаскесіне арналған мемлекеттік акт, сәулет жоспарлау тапсырмасы, эскиздік жоба және құрылыстың басталғаны туралы хабарлама. Оның айтуынша, осыған байланысты жергілікті тұрғындардың барлық дәлелі негізделмеген.

"Біздің учаскеміздің айналасындағы барлық шу басталған кезде әкімдік құрылысқа арналған барлық рұқсат құжатын кері қайтарып алды. Бірақ біз сотқа жүгініп, істі жеңдік. Содан кейін әкімдік қалалық сотқа шағым түсірді, бірақ біз оны да жеңіп алдық. Менің барлық рұқсат құжатым бар екеніне қарамастан, біз құрылысты әлі бастаған жоқпыз", - деді ол.

Айта кетейік, былтыр күзінде алматылықтар Самал-3 шағын ауданындағы жалғыз саябақ аймағында тұрғын үй кешені салынғайы жатқанына шағымданған болатын. Кейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың рұқсатынсыз құрылысқа рұқсат бермеуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети