24 мамыр 2018 | 13:33

Самал Еслямоваға Петропавлдан үш бөлмелі пәтер берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pkzsk.info © pkzsk.info

Актриса Самал Еслямоваға Петропавлдан пәтер берілді, - деп хабарлайды Петропавловск.news.


Иконка комментария блок соц сети

Актриса Самал Еслямоваға Петропавлдан пәтер берілді, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Өңір әкімі Құмар Ақсақалов актрисаны құттықтап, оған үш бөлмелі пәтердің кілтін берді.

"Тарихта ТМД елдері арасында бірде-бір актриса осындай жеңіске жеткен жоқ. Осындай таланттылардың біздің солтүстік өңірден екені қуантады. Сондықтан да колледж оқытушылары, мұғалімдер мен театр режиссерлеріне алғыс айтқым келеді. Сіздер атқарып жатқан жұмыс нағыз алғысты талап етеді, сіздерге көп рақмет. (...) Бүгін үш бөлмелі пәтердің кілтін ұсынғымыз келеді", - деді Құмар Ақсақалов.

Самал Еслямова облыс әкіміне алғыс айтып, жерлестеріне қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты.

Самал Еслямова БҚО Аққайың ауданы Аралағаш ауылында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Петропавлдың өнер колледжіне актер мамандығы бойынша түскен.

Айта кетейік, қазақстандық Самал Еслямова 71-нші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рольді сомдаған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Самал Еслямованың ата-анасын құттықтап, қазақстандық актрисаға құттықтау жеделхатын жолдаған еді.

Самал Еслямова жайында не білеміз?

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети