20 мамыр 2018 10:23

Самал Еслямова жайында не білеміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Самал Еслямова 71-ші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Тengrinews.kz редакциясы еуропалық кино сыншыларды таңғалдырған қыз жөнінде толығырақ айтуды жөн санады.


Қазақстандық Самал Еслямова 71-ші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Тengrinews.kz редакциясы еуропалық кино сыншыларды таңғалдырған қыз жөнінде толығырақ айтуды жөн санады.

Самал Еслямова 1984 жылы 1 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген. 2011 жылы ресейлік ГИТИС театр өнері институтының актерлік факультетін тәмамдаған.

Ол "Айка" фильмінен басқа "Тюльпан" (2008) картинасында ойнаған. Ол лентаның да режиссері - Сергей Дворцевой. Айта кетейік, ол кезде "Тюльпан" Канн фестивалінде "Ерекше көзқарас" бас жүлдесін жеңіп алған.

Сонымен қатар, кейбір деректер бойынша, "Айка" жобасы жеті жыл бойы түсірілген.

Самал мен оның "Айка" фильміндегі ролі туралы сыншылар не дейді? "Самал Еслямова "Айкада" бұрын соңды болмаған дүниені алып келді. Мұншалықты шынайылықтың, энергия мен күйзелісті ұстамдылықпен берудің отандық кинода болмағанына көп болды, бәлкім, ешқашан болмаған шығар. Десек те, фильмдегі өзге әртістер де, кәсіби ме, жоқ па, мінсіз шынайы, табиғи", - деді кино сыншысы Антон Долин.

"Таңғалуға өзге бір себеп - рольді сомдаған қазақстандық актриса Самал Еслямова, ол еш нәрсені "ойнап" үлгермейтіндей көрінеді немесе фильм бойы лас планкноттың тозақ сынды шеңберінде күресіп жүреді, оның атмосферасы Сергей Лозництың "донбастық құпия әрекетті" немесе исмаиловтық тар табанды "черкизонды" әшкерелеу деректі кадрларды еске салады.

Бейнесі Бьорк Сельма Жескованы еске түсіреді ("Танцующая в темноте"), Айкаға кедейліктің және кемістіктің тар дәлізінде үміттің өткінші бір биін билеуге керек айналатын жер жоқ. Айка үшін жалғыз ғана музыка - қалжыраса да дем шығару, жалғыз ғана би - таршылықта қажып, қашу", - деді тағы бір сыншы Карен Аветисян.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети