"Самұрық-Қазына" мен мемлекеттік қызметте пайдасыз адам көп - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" мен мемлекеттік қызметте пайдасыз адам көп - Назарбаев ©Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" компаниясындағы қызметкерлер санын ретке келтіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" компаниясындағы қызметкерлер санын ретке келтіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз министрліктерді, агенттіктерді, комитеттерді қысқарттық, бірақ шенеуніктердің саны қысқармай отыр. Қызық, иә. Батпайтын кеме дерсің, бізде солай, "Самұрық-Қазына" қысқартып жатыр, қысқартып жатыр, бірақ ешкім кетпейді, барлығы сонда отыр, осылай жұмыс істейміз, міне. Себебі басқа жақта мұндағыдай пайдасыз адамдар отырмайды. Көп айттым, біреуі жұмыс істейді, қалғандары соның мойнына отырып алады. Осы мәселені шешу қиын ба? Қолынан іс келетін 2-3 адам бар", - деді Назарбаев Ақордада үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын құруды тапсырды. "Мемлекет жоғары сапалы қызмет көрсетуі тиіс. Осы мақсатта мемлекеттік қызметтердің мінсіз провайдері болатын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын құру туралы ойлануды ұсынамын", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети