Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Назарбаев "Азаматтарға арналған үкімет" құруды тапсырды

05 Мамыр 2015, 16:45
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын құруды тапсырды, - дер хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Қоғамдық кеңестер стратегиялық жоспарларды, территорияның даму бағдарламасын, нормативтік-құқықтық акт бағдарламаларын талқылауға қатысуы керек. Мемлекет жоғары сапалы қызмет көрсетуі тиіс. Осы мақсатта мемлекеттік қызметтердің мінсіз провайдері болатын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын құру туралы ойлануды ұсынамын", - деді Назарбаев Ақордада үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының көрсеткен жұмыс нәтижесіне тәуелді болатынын айтты. "Мөлшерлеп болжам жасайық, жалақы жеке сектордағы 70 пайыз деңгейде болуы тиіс. Әрі қарай көре жатармыз, бірақ бұл 70 пайыз үстемені әрбір министрлік, ведомство іштен табуы керек. Біз министрлерге, ведомство басшыларына оларға бөлінген бюджетті өздерінің шешуіне рұқсат етеміз. Егер ол жұмысты үш емес бір адам істейтін болса - мархабат, істеңдер, жалақыны көтеріңдер", - деді Президент.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай