"Самұрық-Қазына" жұмысынан миллиардтаған соманың қаржылық заңбұзушылығы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" жұмысынан миллиардтаған соманың қаржылық заңбұзушылығы анықталды © Тұрар Қазанғапов

Есеп комитеті "Самұрық-Қазына" қорының теміржол, Құрық портының паром кешені және "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймақтар құрылыстары бойынша жұмысынан миллиардтаған соманың қаржылық заңбұзушылығын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Есеп комитеті "Самұрық-Қазына" қорының теміржол, Құрық портының паром кешені және "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймақтар құрылыстары бойынша жұмысынан миллиардтаған соманың қаржылық заңбұзушылығын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" АҚ жарғылық капиталының өсіміне бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит аясындағы тексерісте 2014 жылдың 30 қыркүйегінен 2016 жыл аралығындағы кезеңге Алматы - Шу және Боржақты - Ерсай деген екі теміржолға, Құрық портындағы паром кешенінің, сондай-ақ, "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймақтарын құруға әрі кешенді дамуына бөлінген 93 миллиард теңгеден аса қаражат қамтылды. Аудит төрт жоба бойынша қаржы-экономикалық негіздермен анықталған тікелей қорытынды нәтижелерге жетпегенін анықтады", - деп мәлімдеді Есеп комитетінің өкілі Айгүл Мұхаметкәрім отырыс барысында.

Оның айтуынша, қаржылық заңбұзушылықтың жалпы сомасы - 1,5 миллиард теңге. Алты жүйелік жетіспеушілік, сондай-ақ, 86,1 миллиард теңге сомаға процедуралық заңбұзушылық анықталған. 

Еске салайық, Мемлекет басшысы Жолдауында Үкіметке "Самұрық-Қазына" холдингін сапалы түрде трансформациялау ісін жүзеге асыруды тапсырған еді. Сондай-ақ, қасқарушылық және өндірістік бизнес үдерістерін толық ревизия мен оңтайландырудан өткізу қажет. "Нәтижесінде ол тиімділігі жоғары, жинақы және кәсіби холдингке айналуға тиіс. Менеджмент пен корпоративті басқару сапасын халықаралық деңгейге жеткізу керек", - деген еді Елбасы Жолдауында.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +29
Ақтау +31
Ақтөбе +24
Атырау +31
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +30
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +27
П
Павлодар +28
Петропавл +27
С
Семей +33
Т
Талдықорған +30
Тараз +31
Түркістан +24
О
Орал +27
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер