22 шілде 2020 14:19

Санитар дәрігерлер ақтөбелік кәсіпкерлерге жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: diapazon.kz Фото: diapazon.kz

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіндегілер Ақтөбе облысы әкіміне жазылған ашық хатқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіндегілер Ақтөбе облысы әкіміне жазылған ашық хатқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кәсіпкерлердің өтінішіне қарамастан, ведомстводағылар "Алия" жабық базарын шектеу және карантин шаралары аяқталғанға дейін жабық қалдыруға шешім шығарған. Санитар дәрігерлердің айтуынша, бұл Ақтөбе облысы тұрғындарының, оның ішінде осы базарда жұмыс істейтін бизнесмендер мен сатып алушылардың арасында коронавирус инфекциясы  таралмауы үшін жасалған.

"Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау үшін бұл жағдайды түсінуіңізді және жоғарыда айтылған профилактикалық шараларды сақтауыңызды сұраймыз", - деп жауап берді ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіндегілер.

Хатта 17 шілдеде бас санитар жеке мақсатына байланысты сауда орындарында азық-түлік дүкендерінің жұмысына тыйым салғаны туралы айтылған. Комитеттегілер бұған "індет жұқтырып, ауырып қалғандардың саны көбейген соң ел бойынша 2 тамызға дейін қатаң карантин шаралары енгізілді. Осыған байланысты  облыстың бас санитары тиісті қаулы шығарды" деген жауап жазды.

Еске салайық, Ақтөбеде "Алия" базарының кәсіпкерлері облыс әкімі Оңдасын Оразалинге ашық хат жазғаны хабарланды. Бизнесмендер өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаеваның 17 шілдедегі қаулысына қарсылық білдірді. Қаулыда кейбір карантин шарасы жеңілдегені, бірақ сауда орындарындағы азық-түлік дүкендерінің жұмысына тыйым салынғаны туралы жазылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети