05 наурыз 2021 14:59

Санитар дәрігерлер мереке қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанның бас санитар дәрігерлері қазақстандықтарға мереке қарсаңында қолданыстағы карантин шектеулерін ұмытпау туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас санитар дәрігерлері қазақстандықтарға мереке қарсаңында қолданыстағы карантин шектеулерін ұмытпау туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Демалыс және 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан мен өңірлік бас санитар дәрігер қаулысына сәйкес барлық шектеу шаралары қолданылады. Сіздерді жақындарыңызды және айналаңыздағы адамдарды коронавирус инфекциясынан қорғайтын маңызды ережелерді есте сақтауға шақырамыз", - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сақтық шаралары:

  • адам көп жиналатын орындарға бармау;
  • ұжымдық іс-шараларды өткізбеу және қатыспау;
  • суық тию, тұмаудан сақтану;
  • қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтау;
  • маска тағу режимін сақтау;
  • қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептик қолдану;
  • температура немесе ауру белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну;
  • бөлмелерді үнемі желдетіп тұру;

Сонымен қатар, маман отырыстардан кейін тамақтан улану және өткір ішек инфекциясы қаупі туралы ұмытпауды ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети