04 мамыр 2014 21:35

Санитарлық рейтинг мейрамханаларға зиянын тигізеді - қауымдастық

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстан мейрамханалары санитарлық рейтинг шарасын енгізуден зардап шегуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісін Қазақстанның мейманханалар мен мейрамханалар қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова құлағдар еткен. Оның айтуынша, бүгіндері Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің басшысы Болатбек Қуандықов мәлімдеген тазалық үшін мейрамханаларға "жұлдызша" беру туралы ұсыныс, айналып келгенде, қосымша шығындарды ұлғайтып, салдарынан тұтынушылар күткен нәтижені бермейді.

Агенттік басшысының пікірінше, егер Қазақстан мейрамханалары санитарлық-гигиеналық тазалық деңгейіне қарай "жұлдызша" алатын болса, онда тұтынушылардың таңдауы артар еді. "Біз ол араның асханасы жақсы ма, жаман ба, оны білмей бара береміз. Онда құқықтық тұрғыда осыны айқындап алалық. Санитарлық-гигиеналық тазалықты қатаң сақтайтын мейрамханаға бес жұлдыз берелік, бұл белгі онда ешқандай ереже, тәртіп бұзушылықтың жоқтығын анықтайды" - дейді агенттік басшысы.

Шайкенова атап өткендей, егер Қазақстан мейрамханалары санитарлық рейтингі алатын болса, онда "бизнес ішінде тағы бір бизнес" пайда болады. Бұл ретте ол қонақ үйлерге қатысты осындай ұқсас мәселе барын айтты. "Бір компаниялар қонақ үй бизнесінде білігі бар бірде бір маманды жұмысқа алмастан сертификат алып жатады, ал 2-3 айдан соң тексерулер келгенде олардың тағы да ақша жұмсауына тура келеді" - дейді Шайкенова.

Нью-Йоркте Қазақстан мейрамханалары алуы мүмкін санитарлық рейтингі 2010 жылдан бері қарай жұмыс істеп келеді екен. Ең жоғары баға А-ға 88 пайызы ие, 24 мың тамақтану орны бар. Ал заң бұзушылыққа жол бергендер ең төменгі бағамен бағаланады. Онда да олар келесі тексеріске дейін әлгі заң бұзушылықтың көзін жоюы тиіс. Әйтпегенде мекеме кем дегенде 400 доллар айыппұл төлеуі керек болады.

Mikebloomberg.com порталының мәліметінше, мұнда тұтынушылардың 88 пайызы мейманхананы санитарлық рейтингі көрсеткішіне қарай таңдайды екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети