04 сәуір 2017 | 08:27

Санкт-Петербург метросында жарылыс кезінде Орталық Азияның 22 жастағы тумасы болған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет әлеуметтік желіден Сурет әлеуметтік желіден

3 сәуірде күндізгі уақытта Санкт-Петербург метросында "Сенная площадь" және Технологиялық институт" аялдамаларында болған жарылыстың эпицентірінде Орталық Азияның 22 жастағы тумасы болған. "Фонтанка" басылымы тергеу барысына сілтеме жасап, оның қазақстандық азамат Максим Аришев болуы мүмкін екенін айтады. Оның денесі жарылған вагонның ішінен табылған делінеді.


Иконка комментария блок соц сети

3 сәуірде күндізгі уақытта Санкт-Петербург метросында "Сенная площадь" және Технологиялық институт" аялдамаларында болған жарылыстың эпицентірінде Орталық Азияның 22 жастағы тумасы болған. "Фонтанка" басылымы тергеу барысына сілтеме жасап, оның қазақстандық азамат Максим Аришев болуы мүмкін екенін айтады. Оның денесі жарылған вагонның ішінен табылған делінеді.

Басылымның мәліметінше, 3 сәуірде кешкі уақытта метродағы жарылыстан кейін үш адамның мәйіті кімге тиесілі екені анықталған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Аришев болжамды жанкешті лаңкес болуы мүмкін. Тағы екі адам - 71 жастағы Юрий Налимов және 18 жастағы Ксения Милюкова. 

Кейінірек Санкт-Петербургте жарылыс ұйымдастырған болжамды лаңкестің суреті жарияланған болатын. Оны бейнебақылау камералары түсіріп алған, - деп хабарлаған еді  РЕН ТВ арнасы. Телеарна мәліметінше, ер адам пойыздан шығып, сыртқы қабатқа өтіп емін-еркін метродан кетіп қалған. Осыдан кейін оның қайда кеткені белгісіз. 

Сондай-ақ, видеоның үзінділерінен оның метродан портфельсіз шыққанын көруге болады. Сонымен қатар, ол телефонға қарап тұр. Өзіне қажетті мәліметті білгеннен кейін ол кетіп қалады. Ер адамды алаңда басқа бір бақылау камерасы түсіріп алған. Онда жарылысқа кінәлі күдікті көшеде бірнеше уақыт бойы тұрған. 

Телеарнаның мәліметінше, оның фамилиясы - Джалялов (Аришев - кейбір БАҚ мәліметінше), ол Орталық Азия республикаларының бірінің азаматы. Ер адам соңғы уақытта Санкт-Петербургте тұрған және биыл ақпанда өз еліне келіп қайтқан.

"Санкт-Петербург метросында жарылыс салдарынан зардап шеккен және қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақ екенімді жеткізгім келеді. Жиіркенішті зорлық-зомбылық актісі", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.  

Алдын ала мәліметтер бойынша, Санкт-Петербургте метрода болған жарылыстан кем дегенде 10 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 43-ке жетті. 

Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.  

"Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Мен арнайы қызмет өкілдерінің басшыларымен сөйлестім. Федералды қауіпсіздік қызметінің директорымен сөйлестім. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері оқиғаның егжей-тегжейлі зерттеп, дәл бағасын береді. Қала билігі, егер қажет болып жатса федералдық билік қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына қажетті көмек көрсетеді", - деді Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу барысында Санкт-Петербург метросында болған жарылыс туралы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети