Сапарбаев шетелдік инвестордың атышулы айыптауына жауап берді

04 Наурыз 2017, 13:00
0
Сапарбаев шетелдік инвестордың атышулы айыптауына жауап берді -

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев армениялық инвестордың айыптауына жауап берді, - деп хабарлайды Diapazon.kz. Айта кетейік, инвестор бизнесін Ақтөбе билігі тартып алды деп айыптаған еді.

Бизнесменнің Президенттің атына жазған хатына жауап ретіндегі пікірін өңір басшысы ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарының алдында білдірді. 

"Соңғы уақытта БАҚ-тарда "ОксиБилд", "Адал-Умит" және "Юнис Сити" компаниялардың қызметі қызу талқыланып жатыр. Гегам Асрян Ақтөбеде жұмыс істеу мүмкін емес деп жазады, айтуынша, бизнесін біреулер тартып алып жатыр" - деп келтіреді Сапарбаев инвестордың сөзін. - Шын мәнінде өздеріңіз жақсы білесіздер - ешкім тартып алып жатқан жоқ. Әсіресе бұл Арсянға қатысты. Біз оның қандай инвестор болғанын білеміз. Қанша қаражатын қайда құйғанын білеміз. Газ құбырына қатысты. Ырғыз бен Ойыл ауданына газды қалай кіргізгенімізді білесіздер. Олар (Асрянның компаниясы) жеті жыл бойы осы іспен айналысты! Біз өзге компанияларды енгізуіміз керек болған соң осы газды енгіздік". 

Сонымен қатар, облыс әкімі депутаттардан осы сөзді халыққа жеткізуді сұрады. "Сондықтан дұрыс түсіндірулеріңізді сұраймын. Халықты дүрліктірудің қажеті жоқ: ешкім, Сапарбаев та, облыстық басқа да басшылары да бизнесті тартып алып жатқан жоқ. Керісінше, біз бизнестің дамып, жағдайымыздың жақсаруына еңбек етіп жатырмыз. Бизнес дамымаса, халықтың 30 пайызы бизнеспен айналыспайтын еді, қазір өндіріліп жатқан 22 пайыз өнімді бизнес бермейтін еді", - деді өңір басшысы. 

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын армениялық инвестор Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жазған еді. Хатында ол "Ақтөбеде бизнесті рейдерлік басып жүзеге асырылып жатыр" деп мәлімдейді. 

"Бүгінде мен басқаратын ЖШС-ға рейдерлік басып алу әрекеті жүргізіліп жатыр, оның мақсаты - компанияның барлық активін тартып алу. Кәсіпорындарда прокуратура, МКД экономикалық тергеулер қызметі тексеріс жүргізді, ал 2016 жылдың 5 қазанында ІІД-нің жасағы ЖШС-ның барлық жұмыс құжаттамасын және мөрін тәркілеп, қызметін толықтай тұсаулап тастады. Кепіл нысанына жатпайтын барлық нысанға тыйым салынды, олардың бірі - қала сыртындағы демалу базасы, онда жергілікті полиция күні-түні күзетте тұр, соған қарағанда уақытты бос өткізбей (сауна, бассейн, мейрамхана, қонақүйлер)", - деп жазады ол хатында. Сонымен қатар, мәлімдеуінше, "ForteBank" мүлігінің кепілде тұруына байланысты манипуляция үшін әділет қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс арқылы мұның алдында "Юнис-Сити" тұрғын үй кешенінде пәтер сатып алған қарапайым азаматтардан баспанасын тәркілеу процесін бастады. Пәтерлеріне иелік ету құқығын дәлелдейтін құжаты бар қарапайым жүздеген тұрғын баспанасынан айырылып қаламын ба деп қорқып отыр екен.

"Бұл әлеуметтік дүрлігу туғызуы мүмкін. Олар үй-үйді аралап, тұрғындарды қорқытып, алдап-соғып, "ОксиБилд" ЖШС-ға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғау үшін 100-ден аса арыз жаздырып алды", - дейді ол хатында.

Басылымның мәліметінше, бұл биыл болып отырған осындай екінші жағдай екен. Инвесторлар бұған дейін де Ақтөбе облысы билігінің үстінен шағымданған. Сол кезде Мемлекет басшысына Германия азаматы - "Бриг" иелерінің бірі әрі басшыларының бірі Геннадий Бельц Ақтөбедегі бизнес жағдайына шағымданып, хат жазған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай