Сапарбаев сұйытылған газды шектеусіз сатуды тапсырды

29 Наурыз 2017, 10:30
0
Сапарбаев сұйытылған газды шектеусіз сатуды тапсырды - © Timeskz.kz
© Timeskz.kz

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сұйытылған газды бүгіннен бастап шектеусіз сатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өңір әкімдігінде облыс басшысының қатысыуымен шұғыл кеңес өтіп, онда газ тапшылығы мәселесі талқыланған. Әкімнің жанармай тапшылығын жоюмен айналысып жатқан қоластындағы қызметкерлердің жұмысына көңілі толмады. Әкім орынбасары Жаңабай Бексары қазіргі газ квотасы аймаққа қажетті тұтыну көлеміне жетпейтінін айтты.

"Энергетика министрлігі жеткілікті квота бөлгенімен, өңірде бес күннен бері газ тапшылығы пайда болды. Қаңтар мен ақпанда мұндай қиындықтар болған жоқ, одан бері көлік саны артып кеткен жоқ, онда неге жанармай тапшы? Мұның себебін анықтап, алда мұндайға жол бермеу керек. Біз өндіруші компанияларға айттық. Бүгін жанармай бекеттерінің барлығында сұйытылған газ шектеусіз сатылуы керек", - деді Бердібек Сапарбаев.

Еске салайық, өткен мерекелік демалыстарда Ақтөбеде жанармай бекеттеріндегі газ жетіспеушілігіне шағым түскен. Ал дүйсенбіден бастап жанармай бекеттерінде жүргізушілер ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр болды. Бұл жағдайды Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев талқыға салып, мұндай қиындықтың неден пайда болғанын анықтауды және мәселені шешуді тапсырған болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай