01 мамыр 2020 18:16

"Сапасыз болса қабылдамаймыз". Көлгінов елордадағы жол құрылысын тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Александр Куприенко Фото Александр Куприенко

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қаладағы жол құрылысын тексерді. Өңір басшысы сапасыз жолдарды қабылдамайтындарын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қаладағы жол құрылысын тексерді. Өңір басшысы сапасыз жолдарды қабылдамайтындарын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл жалпы ұзындығы 100 шақырым болатын 150 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынатыны хабарланды. Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов бірқатар жолдың құрылысы барысымен танысты. Е355, Е32, Е489, Е312 көшелерінде төрт жолақты жол құрылысы жүргізіліп жатыр. Онда желекжол абаттандырылады.


Фото Александр Куприенко


Фото Александр Куприенко

Сонымен бірге елорда әкімі №27 көшедегі (Ш. Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскеде) жол жұмыстарымен танысты.

Қала әкімі Алтай Көлгінов жол жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу қажеттігін айтты.

"Сапасыз салынған жолдарды қабылдамаймыз, мердігер өз есебінен қайта жөндейді", - деді әкім.


Фото Александр Куприенко

Елорданың 50 магистральды көшелеріндегі құрылыс пен жөндеу жұмыстары биылдың өзінде көлік ағынын жеңілдетуге және жол жүру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй кешендеріне апаратын жолдар ескеріледі. Қаланың елді-мекендерінде жалпы ұзындығы 60 шақырымды құрайтын 100 көше жөнделіп, кейбіреуі жаңадан салынады.


Фото Александр Куприенко


Фото Александр Куприенко

Жол жұмыстарына "жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 1,5 мың адам жұмылдырылады. Барлығы 15 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Азаматтар жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналаса алады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети