07 маусым 2021 13:03

Сарапшы COVID-19 қайдан шыққаны туралы жаңа нұсқаға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Ерлан Мәдиев COVID-19-дың шығу тегі туралы жаңа нұсқаға қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Ерлан Мәдиев COVID-19-дың шығу тегі туралы жаңа нұсқаға қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүкіл әлем бойынша 3,5 миллионнан аса адамның өмірін қиған коронавирус пандемиясы басталғалы бері оның шығу тегі туралы пікірталас азайған жоқ. Бұған дейін көпшілік вирустың "табиғи" шығу тегі туралы нұсқаға сүйенсе, бүгінде вирус Ухан қаласындағы зертханадан шықты деп айтатындар көбейді. Жағдай геосаяси жағынан да, атап айтқанда АҚШ пен Қытай қарым-қатынасының шиеленісуінен күрделене түседі", - дейді ол.

Сарапшының айтуынша, мамырдың соңында америкалық БАҚ-та АҚШ арнайы қызметтерінің ақпараты бойынша, Ухан қаласындағы зертхананың бірқатар қызметкері 2019 жылдың қарашасында ұқсас симптомдармен ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат тарады, яғни, оқиға Қытай жаңа вирустың таралғанын ресми түрде жариялағанға дейін болып отыр.

Оған қоса, АҚШ президенті Джо Байденнің америкалық қызметтерге вирустың зертханалық шығу теориясын тексеріп, 90 күн ішінде есеп беруді тапсырған болатын. АҚШ президенті барлау қоғамдастығының пікірі екіге бөлінгенін және бұл мәселені зерттеуге күш-жігерді "екі есе көбейту" керек екенін айтты.

"Бұл - әлемдегі бүкіл қоғамдастық үшін, ең алдымен Қытай үшін айтарлықтай месседж. Бұрынғы Трамп әкімшілігінің пандемия Ухан зертханасынан басталды деген пікірін көптеген истеблишмент пен жетекші БАҚ Дональд Трампқа деген теріс көзқарасына байланысты қабылдамаса, онда қазіргі демократиялық президент Джо Байденнің ұстанымы және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, бұл - мәселе АҚШ-тың негізгі күн тәртібіндегі мэйнстрим екенін көрсетуі мүмкін", - деді Ерлан Мәдиев.

Бұған жауап ретінде Қытай билігі бұл мәселені "саясаттандыруға" қарсы болып, вирустың табиғи шығу тегі туралы нұсқа ғылыми тұрғыдан дәлелденгенін және халықаралық күш-жігерді пандемия зардаптарын жеңуге бағыттау керек екенін мәлімдеді.

"Алайда жоғарыда айтылғандай, ғылыми қоғамдастық вирустың пайда болуы туралы бәтуаға әлі келген жоқ. Сонымен қатар, 2021 жылдың басында ДДҰ-ның ҚХР-ға барып, зерттеу жүргізгені жауаптан гөрі көп сұрақтар қалдырды. ДДҰ инспекторларының тобы вирустың зертханалық шығу тегі туралы нұсқа "екіталай" деген қорытындыға келгеніне қарамастан, көптеген адам тергеу нәтижелеріне өте күмәнмен қарады", - дейді Мәдиев.

Оған сарапшы мынадай мысал келтірді: беделді Science ғылыми журналында мәлімдеме жариялаған белгілі ғалымдар тобы вирустың шығу тегінің екі теориясына аса көңіл бөлінбегенін айтты, мысалы, зертханадан шықты деген нұсқаға есептің 313 бетінің 4-і ғана арналғаны атап өтілді.

"Осыған орай, Батыс елдерінің көпшілігі вирустың пайда болуы туралы егжей-тегжейлі және объективті тергеу жүргізуге шақыра отырып, ДДҰ-ға да, Бейжіңге де қысым жасай бастады. Сөйтіп мамырдың соңында вирустың зертханадан шығуы "екіталай" деп санаған ұлыбританиялық барлау агенттіктері берген бағасын қайта қарап, мұқият тергеу қажет екенін мәлімдеді", - деді ол.

Ерлан Мәдиевтің айтуынша, вирустың табиғи шығу тегі туралы нұсқада оның адамға жарқанаттан тікелей немесе аралық байланыс жолмен берілгені туралы нақты жауап жоқ. Екінші жағынан, вирустың зертханалық шығу тегі туралы теорияны растау немесе жоққа шығару өте қиын. Себебі Қытай зертханасына тікелей және жедел қолжетімділік жоқ.

"Салдарынан даулар мен өз мақсаты үшін пайдаланып қалу жағдайларына үлкен алаң пайда болады. Жағдай ғылыми дау-дамайлар соңғы жылдары "қырғи қабақ соғыс" сипатына ие болған АҚШ пен Қытай арасындағы қатынастардың күрт шиеленісуі аясында қауіпті. 

Осылайша Бейжің мен Вашингтонның геосаяси қайшылықтары өлімге әкелетін вирустың шығу себептерін объективті анықтауға басты кедергі болып отыр. Сұрақтарға жауап объектив түрде анықталмаса, әлемдік қауымдастыққа болашақта пайда болатын жаңа вирустық қауіпке тиімді жауап беру өте қиын болары анық", - деді сарапшы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети