"Аспандау" ғылым және білім қорының президенті Қайрат Нұров елімізде алдағы уақытта тоқтатылатын сырттай білім алуды қашықтықтан білім алу жүйесімен алмастыруға болатынын айтады. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
"Аспандау" ғылым және білім қорының президенті Қайрат Нұров елімізде алдағы уақытта тоқтатылатын сырттай білім алуды қашықтықтан білім алу жүйесімен алмастыруға болатынын айтады. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, сырттай және кешкі уақытта білім алу формаларының қажеті жоқ.
"Қашықтықтан білім алу жүйесі оқу процесін жеңілдетеді. Сайтқа кіресің, тіркелесің, тест тапсырып, ондағы материалдармен жұмыс істейсің. Сондай-ақ, онда cенің сайтқа кірген уақытың, қанша сағат сабақ қарағаның көрініп, оған сәйкес баға қойылады. Сол себепті де алдағы уақытта сырттай білім алу мен кешкі уақытта білім алу жүйелерінің қажеті болмайды", - дейді сарапшы.
Сонымен қатар, сарапшы оқудың мұндай түрінде емтихан тапсыру кезінде студенттің өзінің орнына басқа адамды отырғызуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
"Тіпті күндізгі оқу кезінде де алаяқтық болмайды деп ешкім кепіл бере алмайды. Бірақ қашықтықтан оқу кезінде кездесулер ұйымдастырып отыру керек. Мысалы, скайп арқылы", - дейді Қайрат Нұров.
Еске сала кетейік, мұның алдында Қазақстанда 2019 жылдан бастап сырттай білім алудың тоқтатылатыны айтылған еді. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бұл норманың азаматтардың жоғары білім алуына деген мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғанын айтып өткен еді. Айтуынша, енді ЖОО-лар білім беру бағдарламасы бойынша және білім беру қызметтеріне қатысты бағаны өздері бекітеді.