29 қазан 2021 12:09

Сарапшылар Қазақстанда ТКШ қызметтеріне баға өскенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда бір жылда тұрғын үй қызметтерінің бағасы 5,7 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанда бір жылда тұрғын үй қызметтерінің бағасы 5,7 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Finprom.kz талдауына сәйкес, биылғы тоғыз айда су, жарық, газ сияқты тұрғын үй қызметтері былтырғымен салыстырғанда 5,7 пайызға қымбаттаған. Бұл ретте мемлекет реттейтін мемлекеттік қызметтер 3 пайызға қымбаттаған.

Сарапшылар тұрғын үй бағасының өсуі туралы айтты. Мәселен, бір жылда жалдау ақысы 13,2 пайызға, тұрғын үйді жөндеу мен күтіп ұстауға 7,9 пайызға өсті. Статистикалық мәліметке сәйкес, жыл басынан бері тұрғын үй нарығындағы бағалар жаңа үйлер бойынша 10,8 пайызға, қайталама нарықта 23 пайызға өскен.

Зерттеушілер қоқыс шығару бірден 15,3 пайызға, домофон қызметтері 3,2 пайызға өскенін айтты. Қазақстандықтарға ыстық су бағасы 1,4 пайызға қымбаттап, жылу 1,2 пайызға арзандаған.

Талдау авторлары реттелетін және реттелмейтін қызметтер айырмашылығын Нұр-Сұлтандағы орташа түбіртек мысалында түсіндірді. Реттелетін қызметтерге суық және ыстық сумен жабдықтау, су бұру (канализация), электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау және жылумен жабдықтау (жылу) кіреді. Реттелмейтін қызметтерге КСК қызметтері, қоқыс жинау, домофон кіреді.

Халыққа реттеліп көрсетілетін қызметтердің қымбаттауы жағдайында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне (ҚР ҰЭМ ТЖМ) хабарласуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети