31 мамыр 2022 09:29

Сарбазды құтқарып қалған Халық қаһарманы жаңа лауазымға тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

ІІМ жүйесінде кезекті рет ашық кадрлық тағайындаулар өтті. Ведомство басшылығы полиция басқармаларының басшылары, полиция департаменті бастығының және Ұлттық ұланның Бас Қолбасшысы орынбасарлары лауазымдарына үміткерлерді қарады, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.


ІІМ жүйесінде кезекті рет ашық кадрлық тағайындаулар өтті. Ведомство басшылығы полиция басқармаларының басшылары, полиция департаменті бастығының және Ұлттық ұланның Бас Қолбасшысы орынбасарлары лауазымдарына үміткерлерді қарады, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Ұсынылған кандидаттардың әрқайсысы жеке қаралды. Айта кету керек, тағайындаудың бұл форматы үздіктерді анықтауға және олардың жұмысын лайықты түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Министр және оның орынбасарлары бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас Қолбасшысының орынбасары қызметіне "Халық қаһарманы" Қайрат Үмбетовтің кандидатурасын қарады.

"Өздеріңіз көріп отырсыздар, ол бүкіл сатыны өтті. Біздің ұландарға дұрыс тәрбиені "Халық қаһарманы" бермесе, басқа кім береді? Қайрат Жарылқасынұлы, ұландықтардың моральдық-психологиялық жағдайын шыңдап, сарбаздармен тәрбие жұмыстарын жүргізу қажет. Сіздің ерлігіңіз оларға үлгі болады деп ойлаймын. Бұл тағайындаумен біз Ұлттық ұланды нығайтамыз деп үміттенемін", - деді министр.

Еске сала кетейік, 2016 жылы Қарағанды құрамасының оқу орталығында жауынгерлік гранатадан полковник сарбазды өз денесімен жауып, құтқарып қалған болатын.

Сондай-ақ ішкі істер министрінің бұйрығымен:

- Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Қуаныш Орынбетов;

- Павлодар қаласы Полиция басқармасының бастығы лауазымына Ермек Әлжанов;

- Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Полиция басқармасының бастығы лауазымына Алмас Әмзеев тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети