Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Сәрінжіпов: Оқу бағдарламасы қоршаған әлемнен алшақ

21 Тамыз 2014, 14:08
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов білім беру жүйесінің мазмұны мен әдістемесін жетілдіру керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанадағы тамыз кеңесінен.

"Әрине, шешуші міндет мазмұн мен әдістемені жетілдіру болып тұр. Бағдарламаларымызды, әдістемелерімізді жаңарту - маңызды міндеттердің бірі. Бүгінде бұл мәселе бойынша пікірталастар болып жатыр. Біз жаңа стандарт жобасын жасадық. Егер бүгінде 5-6-сынып оқушысы курсор, клавиатураны оқытатын информатика сабағынан шығып, смартфонын қосып, қазіргі қосымшаларды еркін жүктей алатын, Интернетке еркін бейімделетін болса, оның басында психологиялық мәселелер туындайды, ол оқыту бағдарламасы мен қоршаған орта арасында алшақтық барын байқайды. Біз алдағы жылдары мұқият жұмыс істеуіміз қажет. Біздің түлектеріміз ертең әлемде бәсекелесе ала ма, мұны анықтаудың шешуші мәні бар", - деді Сәрінжіпов.

"Қазір жаңа мемлекеттік стандартпен жұмыс істеу басталды, оның баланы оқытудағы түпкілікті айырмашылығы - ақпараттық кеңістікті өз еркімен бағдарлай алуы, мәліметтерді тауып, талдай білуі, қорытынды жасай алуы", - деді министр. Тамыз кеңесінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов те астаналық мұғалімдердің компьютерлік сауаттылығын арттыру қажеттігін айтты.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай