31 шілде 2020 18:28

Сәтбаевтағы тәртіпсіздік: екі адамға іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Сәтбаевтағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікпен 16 тұрғынды қамауға алып, екі тұрғынға іздеу жарияланды. Бұл туралы қала прокуроры Төлеубек Рымбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция Сәтбаевтағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікпен 16 тұрғынды қамауға алып, екі тұрғынға іздеу жарияланды. Бұл туралы қала прокуроры Төлеубек Рымбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 16 тұрғын 24 шілде күні қалада тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінген, екі тұрғынға іздеу жарияланған. Полиция тәртіпсіздік ұйымдастырғандарды бейне-бақылау камераларының көмегімен тапқан.

Сәтбаевтағы бұзақылық: 15 адам ұсталды

"24 шілде күні түнде тәртіпсіздік, біреудің мүлкін әдейі бұзу, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын келтіру фактілері болғаны анықталды. Барлық факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда 16 адам қамауға алынды. 2 адамға іздеу жарияланды", - деді Сәтбаев қаласының прокуроры Төлеубек Рымбаев.

Сәтбаевтағы тәртіпсіздік: полиция күдіктіні құтқару үшін не істегенін айтты

Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыздың жоғалғаны, тұрғындар күдіктіні өздері жазаламақшы болғаны әрі бірнеше көліктің өртенгені хабарланған еді.

Сондай-ақ, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаевтағы тәртіпсіздіктерге байланысты бірнеше қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети